Анықтамалық нұсқаулық
55
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді пайдалану
Фотокамера ысырманы босату түймешігін басқаннан кейін он секунд немесе екі
секунд өткен кезде ысырманы босататын өздігінен түсіруді реттейтін таймермен
жабдықталған. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер түсіріп жатқан сурет ішінде
болғыңыз келгенде немесе ысырманы босату түймесін басқан кезде орын алатын
фотокамера дірілінің əсерлерін айналып өткіңіз келгенде тиімді. Өздігінен түсіруді
реттейтін таймерді пайдаланған кезде
, штативті пайдаланған жөн.
1 J (n өздігінен реттеу таймері)
мультиселекторын басыңыз.
2 n10s немесе n2s түймесін тандау үшін H
немесе I түймесін басыңыз жəне k
түймесін басыңыз.
• n10s (он секунд): Үйлену тойлары сияқты маңызды
оқиғаларда пайдаланыңыз.
• n2s (екі секунд): Камераның дірілдеуін болдырмау
үшін пайдаланыңыз.
• Бірнеше секунд ішінде k түймесін басу арқылы
параметр қолданылмаса, таңдалмайды.
• Суретке түсіру режимі Pet portrait (Үй жануарының портреті) көрініс режиміне
орнатылғанда, Y (үй жануарының портретін автоматты түрде түсіру) режимі
көрсетіледі (A46). n
10s жəне n2s өздігінен түсіру таймері пайдаланылмайды.
3 Суретті кадр ішіне алып, ысырманы
босату түймесін жартылай
басыңыз.
• Фокус жəне экспозиция орнатылады.
Self-timer
10
10
F3.5
F3.5
1/ 25 0
1/250