Анықтамалық нұсқаулық

54
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Пайдалануға болатын жарқыл режимдері
C Жарқыл режимінің параметрі
Жарқыл режимінің параметрі суретке түсіру режиміне қарай өзгереді. Қосымша ақпарат
алу үшін «Əр суретке түсіру режимінде пайдалануға болатын функциялар» (A52) жəне
«Əдепкі параметрлер» (A60) бөлімдерін қараңыз.
Кейбір параметрлерді басқа функциялармен бірге пайдалану мүмкін емес (A65).
A (авто) режимінде қолданылған жарқыл режимінің параметрі фотокамера өшкеннен
кейін де фотокамераның жадында сақталады
.
C Қызыл көз əсерін азайту
Бұл фотокамера жақсартылған қызыл көз əсерін азайту функциясынфотокамера ішіндегі қызыл
көзді жою функциясы») пайдаланады. Сурет сақтау кезінде фотокамера «қызыл көз» əсерін
анықтаса, əсерге ұшыраған аумақ сурет сақталғанға дейін қызыл көз əсерін азайту үшін өңделеді.
Суретке түсіру кезінде келесіні ескеріңіз:
Суреттерді сақтау үшін əдеттегіден ұзағырақ уақыт қажет.
Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі кейбір жағдайларда қажетті нəтижелерді бермеуі мүмкін.
Аса сирек жағдайларда, қызыл көз əсеріне тұрақты аумақтар қызыл көз əсерін азайтуды өңдеу
əсеріне ұшырауы мүмкін; мұндай жағдайларда, басқа жарқыл режимін таңдаңыз жəне қайта көріңіз.
U Auto (Авто)
Жарқыл жарық көмескі кезде автоматты түрде жанады.
V
Auto with red-eye reduction (Қызыл көз əсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты режим)
Портреттерде жарқыл тудырған қызыл көз əсерін азайтады.
W Off (Өшірулі)
Жарқыл жарық көмескі болса да жанбайды.
Күңгірт жарық астында суретке түсірген кезде фотокамераны тұрақтандыру
үшін штативті пайдалануды ұсынамыз.
X Fill flash (Толтырғыш жарқыл)
Жарқыл сурет түсірілген кезде жанады. Көлеңкелерді жəне артқы жағы жанып
тұрған нысандарды «толтыру» (жарықтандыру) үшін пайдаланыңыз.
Y Slow sync (Баяу синхрондау)
Автоматты жарқыл режимі ысырманың баяу жылдамдығымен біріктіріледі. Артқы
көріністі қамтитын кешкі жəне түнгі портреттерге лайықталған. Жарқыл негізгі
нысанға жарық түсіреді; баяу ысырма жылдамдықтары түнде немесе күңгірт
жарық астында артқы фонды түсіру үшін қолданылады.