Анықтамалық нұсқаулық

F5
Техникалық жазбалар жəне тақырыптық көрсеткіш
Батарея зарядты сақтап тұра алмайтын кезде, оны ауыстырыңыз. Қолданыста болған
батареялар бағалы ресурс болып табылады. Пайдаланылған батареяларды жергілікті
ережелерге сай қайта кəдеге жаратыңыз.
Айнымалы ток адаптерін зарядтау
Пайдалану алдында «Қауіпсіздігіңіз үшін» (
A
viii-x) бөліміндегі ескертулерді оқып, орындаңыз.
EH-70P зарядтау айнымалы ток адаптері тек үйлесімді құрылғылармен қолданылу үшін
жасалған. Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге пайдаланбаңыз.
EH-70P құрылғысы айнымалы тогы 100-240 В, 50/60 Гц электр көздерімен үйлесімді. Өзге
елдерде пайдаланған кезде, аша адаптерін (еркін сатылымда бар) қажетінше пайдаланыңыз.
Аша адаптерлеріне қатысты қосымша мəлімет алу үшін саяхат агенттігіне хабарласыңыз.
EH-70P желілік зарядтау құрылғысынан немесе желілік USB құрылғысынан басқа айнымалы ток
адаптерінің өзге түрін немесе үлгісін, ешбір жағдайда, пайдаланбаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе зақымдануына əкелуі мүмкін.
Жад карталары
Secure Digital жад карталарын ғана пайдаланыңыз. Жад карталарына қатысты қосымша
мəлімет алу үшін «Құпталған жад карталары» (F22) қараңыз.
Жад картасында берілген құжаттарда сипатталған сақтық шараларын сақтағаныңыз жөн.
Жад карталарына жапсырмаларды немесе стикерлерді жапсырмаңыз.
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде оны осы
фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз. Жаңа жад карталарын осы фотокамерада
пайдаланудан бұрын оларды осы фотокамера арқылы пішімдеуге кеңес береміз.
Пішімдеудің жад картасындағы барлық суреттер мен өзге деректерді
біржолата өшіретінін ескеріңіз. Жад картасын пішімдеуден бұрын, сақтап қалғыңыз
келетін суреттердің көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз.
Фотокамера қосылған кезде
Card is not formatted. Format card? (Жад картасы пішімделмеген.
Жад картасын пішімдеу қажет пе?)
хабары пайда болса, жад картасы пішімделуі тиіс. Егер
өшіргіңіз келмейтін деректер бар болса,
No (Жоқ)
түймесі басыңыз. Қажетті күнді компьютерге
жəне т.б. көшіріңіз. Егер картаны пішімдегіңіз келсе,
Yes (Иə)
түймесін басыңыз. Растауға
мүмкіндік беретін тілқатысу терезесі шығады. Пішімдеуді бастау үшін
k
түймесін басыңыз.
Пішімдеу кезінде, деректер жад картасына жазылып немесе өшіріліп жатқанда немесе
деректерді комьютерге көшіру барысында келесі əрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау деректердің жоғалуына немесе фотокамера немесе жад
картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
- Батареяны немесе жад картасын алу/салу үшін батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашыңыз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
- Айнымалы ток
адаптерін ажыратыңыз.
Жад картасын компьютерді пайдалану арқылы пішімдемеңіз.