Анықтамалық нұсқаулық
COOLPIX S3400 фотокамерасының белгілеу мүмкіндіктері
Қажетті суреттер мен фильмдерді түсіруге көмектесетін мүмкіндіктер
Əдемі суреттерді түсіруге арналған кеңейтілген мүмкіндіктер
Көптеген жоғары сапалы мүмкіндіктермен, сондай-ақ COOLPIX фотокамераларына
ғана тəн суретке түсіру режимінің кең таңдауы, 7× оптикалық масшабтау жəне
20,1 мегапиксельдердің тиімді ажыратылымдығымен жинақталған; фотокамера
қажетті суреттерді түсіруге мүмкіндік береді. Фотокамераның дірілді азайту
функциясы суретке түсіру барысында бұлдырауды азайтады. Сонымен бірге,
фильмді жазу түймесін қарапайым басу арқылы фильмдерді жаза аласыз.
Суретті өңдеу əсерлерін
суретке түсіру кезінде қолдану қызықты жəне оңай
p Жылдам əсерлер ........................................... A30, 39
Жай түсіру, таңдау жəне сақтау арқылы əсерлері бар суреттерді үш оңай қадаммен жасаңыз.
Отыз əсер қол жетімді. Суретте əр əсердің нəтижелерін алдын ала қарауға жəне
көрініске немесе көңіл-күйге қолайлысын таңдауға болады.
Кейінірек (A33) ойнату кезінде k түймесін басу арқылы суреттерге əсерлерді
қолдануға да болады.
Суретті өңдеу əсерлері бет терісінің əдемілігін жақсартады
Сəнді өңдеу ............................................................... A78
Адам беттерінің тартымдылығын жақсартуға арналған сегіз əсерді пайдалану
арқылы суреттерді өңдеңіз. Бет өлшемін азайтумен жəне көз өлшемін үлкейтумен
бірге, сəнді өндеу функциясы тері түсін ағартуға, жəне көздің алды күлдіреп тұруын
болдырмауға жəне тісті ағартуға мүмкіндік береді. Бұл əсерлер суреттердегі
адамдарды əдемі етіп жəне жасартып көрсету мүмкіндігін тамашалауға жəне оңай
пайдалануға мүмкіндік
береді.