Анықтамалық нұсқаулық
E5
Анықтамалық бөлім
Таңдаулы суреттер режимі
Суреттерді (фильмдерді қоспағанда) тоғыз альбомға сұрыптауға болады жəне
оларды таңдаулы суреттер ретінде қосуға болады (қосылған суреттер көшірілмейді
немесе жылжытылмайды). Суреттерді альбомдарға қосқаннан кейін таңдаулы
суреттер режимін пайдалана отырып, тек қосылған суреттерді ойнатуды таңдауға
болады.
• Тақырыбы немесе тақырып түрі бойынша əртүрлі санатқа бөлінген альбомдар
белгілі бір суретті табуды оңай етеді.
• Бір
суретті бірнеше альбомға қосуға болады.
• Əр альбомға 200 суретке дейін қосуға болады.
Суреттерді альбомдарға қосу
• Таңдаулы суреттер режимінде, суреттерді альбомдарға қосу мүмкін емес.
1 Қажетті суретті таңдау үшін J немесе K
мультиселекторын басыңыз, содан кейін
L түймесін көрсету үшін H түймесін
басыңыз.
• Бірнеше суретке L параметрін қосуға болады. L
параметрін алып тастау үшін I түймесін басыңыз.
• Масштабтауды басқару элементін (A3) толық
экрандық ойнату режиміне ауыстыру үшін g (i) күйіне
немесе алты сурет пиктограммасын ойнату режиміне ауыстыру үшін f (h) күйіне
бұрыңыз.
• Альбомды таңдау экранын көрсету үшін k түймесін басыңыз.
c түймесін басу (ойнату режимі) M d түймесі M Favorite pictures (Таңдаулы
суреттер) M k түймесі
Favorite pictures
Back