User Manual

Table Of Contents
174 | Қазақ
температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе
температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Өлшеу
құралының зақымдануы себебінен дәлдігі төменделуі мүмкін. Қатты соғылу
немесе қағылудан соң лазер сызығын белгілі бір көлденең немесе тік сызықпен
салыстырыңыз.
u Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі
бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (4) "ON" күйіне жылжытыңыз. Өлшеу
құралы қосылған соң бірден алдыңғы мен жоғарғы шығыс саңылаулардан (6) лазер
сызықтарын жібереді.
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) "OFF" күйіне жылжытыңыз. Өшіру
кезінде тербелу блогы бұғатталады.
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:
Айқасу сызықтарының режимі (A суретін қараңыз): бір көлденең лазер
жазықтығын (360° айналатын лазер сызығы) және бір тік лазер сызығын алға
қарай шығарады,
Айқасу сызықтарының және перпендикуляр табанының режимі (B суретін
қараңыз): бір көлденең лазер жазықтығын (360° айналатын лазер сызығы), екі
тік, тікбұрышты лазер сызығын және бір тік лазер сызығын төмен қарай
шығарады,
Көлденең жұмыс режимі (C суретін қараңыз): бір көлденең лазер жазықтығын
(360° айналатын лазер сызығы) шығарады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін нивелирлеу автоматикасымен айқасу
сызықтарының режимінде болады. Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс
режимінің түймесінMode (1) басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен да, еңіс функциясымен да
орындалуы мүмкін.
1 609 92A 541 | (11.11.2019) Bosch Power Tools