Instruction for Use

60
KZ
Жолақтың бөліктері пеш ішіндегі температура азайғанда
бір-бірден өшеді.
Demo режимі
! Тіл таңдалмаған болса, құрылғы ДЕМО режиміне
өтпейді.
Пеш ДЕМО режимінде жұмыс істей алады: барлық
қыздырғыш элементтер ажыратылады, ал басқару
элементтері жұмыс істейді.
ДЕМО режимін қосу үшін пешті өшіріңіз және
түймесін 10 секунд басып тұрып, басқару тетігін сағат
тілі бағытында бұрап ұстаңыз. Дыбыстық белгі естіледі
де, дисплейде "ДЕМО" сөзі шығады.
ДЕМО режимін өшіру үшін
түймесін 3 секунд басып
тұрып, басқару тетігін сағат тіліне қарсы бағытта бұрап
ұстаңыз. Өшіруді растау үшін сигнал беріледі.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Пайдаланушы таңдауларының барлығын (тіл, үн,
реттелген мерзімдер, т.б....) бастапқы қалпына келтіру
үшін пештің зауыттық параметрлерін қалпына келтіруге
болады. Қалпына келтіруді орындау үшін пешті өшіріңіз,
одан кейін 6
, ,және түймелерін бірге басып,
6 секунд ұстап тұрыңыз. Қалпына келтіру процедурасы
аяқталған кезде сигнал беріледі.
белгішесі алғаш рет
басылғанда пеш бірінші рет қосылғандай әрекет етеді.
Күту режимі
Бұл өнім күту режимінде қуат тұтынуды шектеуге
қатысты соңғы Еуропалық Директиваның талаптарына
сәйкес келеді. 30 секунд ішінде ешбір түйме басылмаса
және басқару тақтасы/есік құлпы қосылмаған болса,
құрылғы күту режиміне автоматты түрде өтеді. Күту
режимін білдіру үшін дисплейде ЭКО режимінің таңбасы
көрсетіледі. Құрылғыны қайта қолдана бастағанда жүйе
жұмысы қалпына келеді.
Режимдер
! Тағамдардың жұмсақ әрі қытырлақ болуын қамтамасыз
ету үшін пеш су буы түрінде тағамның ішінде болатын
ылғалдылықты шығарады. Осылайша, барлық тағам
түрлері үшін оңтайлы пісіру нәтижелеріне қол жеткізуге
болады.
! Пеш қосылған кезде, ол бірінші қолмен пісіру режимін
ұсынады.
! Есік дұрыс жабылмаған болса, дисплейде "ЕСІК
АШЫҚ" жазуы көрсетіледі. Оңтайлы пісіру нәтижесіне
қол жеткізу үшін есік дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
Қолмен пісіру режимдері
! Барлық тағам дайындау режимдерінің әдепкі орнатылған
пісіру температурасы бар, оны 40°C пен 250°C аралығында
қолдан реттеуге болады (БАРБЕКЮ режимі үшін 270 °С).
Кез келген температура өзгерістері құрылғы жадында
сақталады және бұл режим қолданылған келесі кезде
ұсынылады. Таңдалған температура пеш ішіндегі
температурадан төмен болса, дисплейде "ПЕШ ТЫС
ЫСТЫҚ" жазуы көрсетіледі. Дегенмен, пісіруді бастау
мүмкін болады.
Пісіру мерзім орнатылмай басталған болса, дисплейде
өткен уақыт көрсетіледі.
КӨПДЕҢГЕЙЛІ режимі
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске
қосылады. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды
біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі 3 тартпаны
пайдалануға болады.
БАРБЕКЮ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер
болса) іске қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке
температурасы қабаттың жоғарғы температурасын
қажет ететін тағамдар үшін ұсынылады. Бұл режим
пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы
қажет (ағам дайындау бойынша кеңес" бөлімін
қараңыз).
ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі (бар
болса) іске қосылады да, желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Айналу кезінде айналдырып қыздыру
элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештің күшейтілген ауа айналымы мен қыздыру
элементі арқылы берілетін бір бағыттағы жылу бөлу
тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және
жылудың тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді. Бұл
режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым жабық тұруы
қажет ("Тағам дайындау бойынша кеңес" бөлімін қараңыз).
ҚУЫРУ режимі
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады
және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештің күшейтілген ауа айналымы мен қыздыру
элементі арқылы берілетін бір бағыттағы жылу бөлу
тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп кетуін
болдырмауға көмектеседі және жылудың тағамның ішкі
жағына енуіне мүмкіндік береді.
Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым
жабық тұруы қажет.
БАЛЫҚ режимі
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады
және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Бұл тіркесім
балықты жайлап пісіруге қолайлы.
ПИЦЦА режимі
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады
және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Мұның
нәтижесінде пеш жылдам қызады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.