Instruction for Use

56
KZ
Орнату
! Бұл нұсқаулық кітапшасын кейін қарау үшін жоғалып
қалмайтындай бір жерге сақтап қойыңыз. Құрылғы
сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулық
кітапша машинамен бірге болатынын қамтамасыз
етіңіз, солайша оның жаңа иесі нұсқаулықтың ішіндегі
кеңестерді пайдалана алады.
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: мұнда
құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
Орналастыру
! Балаларға орама материалымен ойнауға рұқсат етпеңіз;
оны жергілікті бөлек қоқыс жинау стандарттарына сәйкес
тастау қажет («Сақтандырулар мен кеңестер» бөлімін
қараңыз).
! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып білікті
маман орнатуы қажет. Қате орнату мүлікті зақымдап,
адамдарға немесе жануарларға зиянын тигізуі мүмкін.
Бекітілген құрылғылар
Құрылғының дұрыс жұмыс жасайтынын тексеру үшін
қолайлы шкафты қолданыңыз:
Пешке жақын қабырғалар ыстыққа төзімді
материалдан жасалған болуы қажет.
Сыртқы қабығы бар шкафтарды жинағанда 100°C
температураға төзетін желімдер қолданылуы қажет.
Пешті ас үй үстелінің астына (сызбаны қараңыз)
немесе ас үй жиһазының ішіне орнату үшін шкафтың
өлшемдері төмендегідей болуы қажет:
590 mm.
595 mm.
22,5 mm.*
20,5 mm.
550 mm.
570 mm.
20 mm.
575-585 mm.
45 mm.
560 mm.
550 mm.
min.
* Тек тот баспайтын болаттан жасалған модельдер
үшін
! Құрылғы орнатылған кезде кез келген электрлі
заттардан алыс болуы қажет.
Негізгі деректер кестесінде берілген пайдалану
ортасының көрсеткіштері осы орнату түрі үшін
есептелген.
Желдету
Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін шкафтың
артқы қабырғасын алып тастау қажет. Пешті екі ағаш
тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм ашық тұрған тегіс
жерде орналастыру ұсынылады (сызбаны қараңыз).
560 mm.
45 mm.
Ортаға қою және бекіту
Құрылғыны шкафқа бекітіңіз:
Пештің есігін ашыңыз.
2 бекіту тесігі көрінгенше жоғарғы жақтағы бүйірлік
аралық қабаттарды шығарыңыз;
Пешті шкафқа 2 ағаш бұрандамен бекітіңіз.
2 аралық қабатты орнына қойыңыз.
! Құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
барлық бөліктері арнайы құралдардың көмегімен ғана
алынуы тиіс.