Instruction for Use

52
KZ
Қосу және пайдалану
Плитаны қолдану
Оттықтарды жағу
Әрбір ОТТЫҚ тұтқасында қатысты оттық жалынының
күшін көрсететін толық шеңбер бар.
Плитадағы оттықтардың бірін жағу үшін:
1. Оттыққа жалынды немесе газ жақпағын
жақындатыңыз.
2. ОТТЫҚ тұтқасын басып, ол ең жоғарғы жалын
параметріне бағытталғанша, сағат тіліне қарсы
бағытта бұрыңыз.
3. ОТТЫҚ тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұру
арқылы жалын күшін қажетті деңгейге реттеңіз. Ол ең
төменгі параметр , ең жоғарғы параметр немесе
екеуінің арасындағы кез келген позиция болуы
мүмкін.
Құрылғы электрондық жағу
құралымен* (суретті көріңіз)
жабдықталған болса, ОТТЫҚ
тұтқасын басып, оны оттық
жанғанша ең төмен жалын
параметріне қарай, сағат
тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Тұтқа босатылғанда оттық
өшіп қалуы мүмкін. Бұл орын алса, тұтқаны ұзағырақ
ұстап, әрекетті қайталаңыз.
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де,
оны қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут
күтіңіз.
Құрылғы жалынның өшіп қалуына қарсы
сақтандырғышпен* жабдықталған болса, жалынның
жанып тұруы және құралды іске қосу үшін ОТТЫҚ
тұтқасын шамамен 2-3 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Оттықты өшіру үшін тұтқаны тоқтау позициясына •
жеткенше бұраңыз.
Оттықтарды пайдалану бойынша кеңестер
Оттықтар ең тиімді түрде жұмыс істеуі және
тұтынылатын газ мөлшерін үнемдеуі үшін қақпағы
бар және асты тегіс табаларды ғана қолданған жөн.
Сондай-ақ, олар оттықтың өлшеміне сәйкес келуі тиіс:
! Редуктор торымен жабдықталған модельдерде
торды диаметрі 12 см не одан аз табалармен тек
қосымша оттықта қолдануға болады.
Пешті қолдану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
1. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру
режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті
температураны таңдаңыз.
Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам
дайындау температуралары туралы мәліметті
қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады
(«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер»
кестесін қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындауды тоқтату.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
ТЕРМОСТАТ индикатор шамы
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің
іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді.
Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат
жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір
қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.
ЖҰМЫС индикатор шамы
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда.
Пеш шамы
ТАҢДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген
қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп
тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен
параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі
қосылмай, шам жанады.
*
Тек белгілі модельдерде болады.
Оттық түрін анықтау үшін «Оттық пен
форсункалардың сипаттары» ішіндегі сызбаларды
қараңыз.
Оттық ø Ыдыс диаметрі (см)
Жылдам (R) 24 - 26
Жартылай жылдам (S) 16 - 20
Қосымша (A) 10 - 14
Үштік тәж (TC) 24 - 26