Use and care guide

4


Құрылғыны пайдаланудан бұрын
осы қауіпсіздік нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз.
Болашақта қарау үшін оңай жерге
сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулық және құрылғы
барлық уақытта орындау қажет
маңызды қауіпсіздік нұқсауларын
береді.
Өндіруші осы қауіпсіздік
нұсқауларын орындамау,
құрылғыны дұрыс қолданбау
немесе басқару элементтерін
дұрыс орнатпау нәтижесінде
туындаған ақаулықтар үшін
ешқандай жауапкершілікті
мойнына алмайды.

 Құрылғы менің оның
қолданылатын бөліктері
пайдалану кезінде қызып кетуі
мүмкін, 8 жастан төмен
балаларды алыс және үздіксіз
бақылауда ұстау керек.
8 жас және одан үлкен жастағы
балалар және физикалық,
сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
тұлғалар құралды тек бақылауда
болғанда немесе қауіпсіз
пайдалану жөнінде нұсқаулар
берілгенде және олар туындауы
мүмкін қауіпті түсінген кезде
пайдалана алады. Балалар
құрылғымен ойнамау қажет.
Тазалау және пайдаланушының
күтім жасау жұмыстарын
жанында жетекшілік ететін ересек
адам жоқ балалардың өзі
орындауына болмайды.
 Ыстық бөліктерін
немесе ішкі бетін ұстамаңыз, күйіп
қалу қаупі бар.
 Есік немесе есікті
тығыздауыштар зақымдалған
болса, білікті адам
ауыстырмайынша пешті
пайдалануға болмайды.
 Сұйық және басқа
тағам түрлерін нығыздап
жабылған контейнерлерде
ысытпау керек, атылу қаупі бар.
Микротолқынды пеш тағамды
және сусындарды ысытуға
арналған. Тағам немесе киімді
құрғату және жылыту төсемдерін,
жылжымалы негіздерді,
губкаларды, дымқыл матаны
және ұқсас затты қыздыру
жарақат, өрт немесе лап ету
қаупін тудыруы мүмкін.
Тағамды пластикалық немесе
қағаз контейнерлерде жылытқан
кезде, тұтану қаупі
болатындықтан, пешке қарап
тұрыңыз.
Сусындарды микротколқынды
пеште жылытқан кезде, жайлап
қайнап бастауы мүмкін,
сондықтан контейнерді ұстаған
кезде абайлау керек.
Тағам беру бөтелкелері мен сәби
тағамының ыдыстарындағы
тағамды араластырыңыз немесе
шайқаңыз және күйіп қалмауы
үшін, ішпес бұрын
температурасын тексеріңіз.
Қабығындағы жұмыртқаны және
қатты пісірлген жұмыртқаларды
микротолқынды пештерде
жылытпаңыз, микротолқынды
пеш жылыту процесін аяқтаған
соң да, олардың жарылуы мүмкін.
Барлық бөліктері толығымен
салқындамайынша, киімдерді
немесе басқа жанатын
материалдарды құрылғыдан әрі
қойыңыз.
Шамадан тыс қызған сұйық май
және тоң май оңай тұтанады.
Майы көп немесе арақ қосылған
тағамды пісіргенде аса абай болу
қажет (мысалы, ром, коньяк,
вино).
Шағын толқынды пешті майға
тамақ қуыру үшін пайдалануға
болмайды, себебі майдың
температурасын бақылау мүмкін
емес.
Құрылғы үлгімен пайдалануға
қолайлы болса, осы пеш үшін
ұсынылатын температура үлгісін
ғана қолданыңыз (бар болса).
Кастрөлдер мен табаларды алу
үшін пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз, қыздыру
элементтеріне тиіп кетпеңіз.
Тамақ пісіріп болған соң
құрылғының қақпағын ашу кезінде
абай болыңыз, құрылғыны ашпас
бұрын будың немесе ыстық
ауаның жайлап шығып кетуіне
жол беріңіз.
Тек шағын толқынды пеште
пайдалануға қолайлы
құралдарды пайдаланыңыз.
Пештің алдындағы ыстық ауа
саңылауларын бітемеңіз.
Түтін шықса, құрылғыны өшіріңіз
немесе токтан ажыратыңыз және
жалынды өшіру үшін есіктерді
жауып қойыңыз.

Бұл құрылғы кәсіби пайдалануға
арналмаған, тек тұрмыста
қолданыңыз.
Бұл құрылғыны сыртта
пайдаланбаңыз.
Құрылғының жанында аэрозоль
баллоны сияқты жарылатын
немесе жанатын заттарды
сақтамаңыз және бензин немесе
басқа жанатын заттарды қасына
қоймаңыз немесе
пайдаланбаңыз: құрал кездейсоқ
қосылған жағдайда өрт болуы
мүмкін.
 Бұл құрылғы
сыртқы таймер немесе бөлек
қашықтан басқару құралымен
пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және
сәйкес қолданыстарда
пайдаланылуға арналған,
мысалы,
- дүкендердегі, кеңселер мен
жұмыс орталарындағы
қызметкерлерге арналған асхана
аумақтары;
- шаруашылық ғимараттары;
- қонақ үйлердегі, мотельдердегі
немесе басқа тұрғылықты
орталардағы тұтынушылар
арқылы;
- жатын және таңғы ас қызметі
түріндегі орталарда.
Басқа қолданыс түріне рұқсат
етілмейді (мысалы, бөлмелерді
жылыту).
