Instruction for Use

40
KZ
Кешіктіріп бастау (Delayed Start)
Циклдың басталу уақытын 1 24 сағат аралығындағы
бір мерзімге кешіктіруге болады:
1. Қажетті жуу циклы мен кез келген басқа опцияларды
таңдап, КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Тиісті таңба
жыпылықтай бастайды. Жуу циклы басталатын уақытты
таңдау үшін + және - түймелерін қолданыңыз (h01, h02 және
т.б.)
2. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесімен растаңыз. Таңба
жыпылықтауын тоқтатып, кері санақ басталады.
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, КЕШІКТІРІП БАСТАУ таңбасы
өшеді де, жуу циклы басталады.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ опциясын алып тастау үшін КЕШІКТІРІП
БАСТАУ түймесін ӨШІРУЛІ мәтіні көрсетілгенше басып
тұрыңыз.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.
Жуу опциялары
Жуу циклы таңдалып, Бастау/Тоқтата тұру түймесі
басылғанға дейін ғана ОПЦИЯЛАРДЫ орнатуға, өзгертуге
немесе қайта орнатуға болады.
Орнатылған жуу циклының түрімен үйлесімді опцияларды
ғана таңдауға болады. Опция таңдалған жуу циклына сәйкес
келмесе
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
, тиісті таңба 3
рет жылдам жыпылықтайды.
Басқа опциямен (бұрын таңдалған) үйлесімді емес опция
таңдалса, ол 3 рет жыпылықтап өшеді, ал ең соңғы таңдалған
опция жанып тұра береді.
Қателесіп орнатылған опцияны таңдаудан бас тарту үшін
тиісті түймені тағы бір рет басыңыз.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tabs)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін
басыңыз; тиісті таңба жанады. Түйме қайтадан басылса,
опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу
циклының мерзімін ұзартады.
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Ескертпелер:
«Тез» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге ыдыс-
аяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге
болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: assistenza_en_lvs@indesitcompany.com
Жоғарғы немесе төменгі тартпаны қолдана
отырып жартылай жүктеу (Half Load)
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш
затты үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға
болады. Жуу циклын таңдап, одан кейін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
түймесін басыңыз: таңдалған тартпаға сәйкес келетін
индикатор жанып, тек жоғарғы немесе төменгі тартпада жуу
циклы басталады.
Тек жоғарғы немесе төменгі тартпаны жүктеуді және
тиісті түрде жуғыш зат мөлшерін азайтуды ұмытпаңыз.