Instruction for Use
SETTINGS (ПАРАМЕТРЛЕР)
Өзгертуге болатын бес дисплей параметрі қамтылған ішкі мәзірге кіру үшін “Functions”
(Функциялар) тетігін белгісіне бұраңыз.
Тіл
1. “LANGUAGE” (ТІЛ) параметрін экранға шығару үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
2. Параметрге кіру үшін түймешігін басыңыз.
3. Дисплейде қажетті тіл пайда болғанша “Browse” (Шарлау) тетігін бұрап, содан кейін
растау түймешігін басыңыз.
Сағат
“CLOCK” (САҒАТ) параметрін экранға шығару үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
Тәулік уақытын өзгерту үшін алдыңғы параграфты (УАҚЫТТЫ ОРНАТУ) қараңыз.
Eco (Үнемді)
ECO (ҮНЕМДІ) режимі (ON (ҚОСУ)) қалпында тұрғанда дисплейдің жарықтылығы азайып,
пеш күту режимінде 3 минут тұрса дисплейде сағат көрінеді. Дисплейдегі ақпаратты қарау
үшін түймешікті басыңыз немесе тетікті бұраңыз.
1. ECO (ҮНЕМДІ) параметрін экранға шығару үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
2. (ON/OFF (ҚОСУ/СӨНДІРУ)) параметріне кіру үшін түймешігін басыңыз.
3. Қажетті параметрді таңдау үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұрап, түймешігін басып
растаңыз.
4. Тағам пісіру кезінде Eco Mode (Қуатты үнемдеу режимі) қосылса, пештің ішкі
жарықтама шамы пісіруді бастағаннан кейін 1 минуттан кейін сөнеді және
пайдаланушы әрекет еткен сайын қайта қосылады.
Дыбыстық сигнал
Дыбыстық сигналды қосу немесе сөндіру үшін келесі әрекетті орындаңыз:
1. “SOUND” (ДЫБЫС) параметрін экранға шығару үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
2. (ON/OFF (ҚОСУ/СӨНДІРУ)) параметріне кіру үшін түймешігін басыңыз.
3. Қажетті параметрді таңдау үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұрап, түймешігін басып
растаңыз.
Brightness (Жарықтылық)
Дисплейдің жарықтылығын өзгерту үшін келесі әрекетті орындаңыз:
1. “BRIGHTNESS” (ЖАРЫҚТЫЛЫҚ) параметрін экранға шығару үшін “Browse” (Шарлау)
тетігін бұраңыз.
2. түймешігін басыңыз: дисплейде 1 саны пайда болады.
3. Жарықтылық параметрінің мәнін көбейту немесе азайту үшін “Browse” (Шарлау) тетігін
бұрап, түймешігін басып растаңыз.
Пешті пайдалануға қатысты нұсқаулар
21