Instruction for Use

48
KZ
Техникалық қызмет
көрсету және күтім көрсету
Абай болыңыз! Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет
көрсетпес бұрын, қуат айырын ағыту я негізгі айырып
қосқышты ажырату арқылы оны токтан ағыту керек.
Алғашқы тазалау
Қорғағыш үлдірді шешіп алыңыз
Аз ғана бейтарап сабын қосып, дымқыл губкамен тазалаңыз
Дымқыл шүберекпен шайыңыз
Жұмсақ шүберекпен сүртіп, құрғатыңыз; сорғыш
тот баспайтын болаттан жасалған болса, текстура
бойымен құрғатыңыз
Жүйелі тазалау
Сорғыштың іші мен сыртын жиі тазалап тұру қажет (кем
дегенде, май сүзгісін ауыстырған кездерде). Дымқыл шүберек
пен бейтарап сұйық жуғыш зат қосылған жылы су қолданыңыз.
Қырғыш немесе тотықтырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Ескерту: Сорғышты тазалау және сүзгілерді тазалау/ауыстыру
нұсқаулары орындалмаса, өрт шығуы мүмкін. Нұсқауларды
бұлжытпай орындаңыз. Өндіруші моторға келген зақымдарға
немесе дұрыс күтім жасамау я жоғарыдағы нұсқауларды
орындамау салдарынан шыққан өртке жауапты болмайды.
Май сүзгісіне қызмет көрсету (А)
A
Май сүзгісі тағам пісірген кезде
шығатын май бөлшектерін
ұстайды; оны кем дегенде
айына бір рет, әлсіз жуғыш
затпен қолмен немесе төмен
температуралы қысқа ыдыс
жуғыш циклымен тазалау
керек.
Май сүзгісін шығарып алу
үшін серіппелі тұтқаны
тартыңыз. Ыдыс жуғышта жуылса, металл сүзгінің түсі
өзгеруі мүмкін, бірақ оның жұмысына нұқсан келмейді.
Май сүзгісіне техникалық қызмет көрсету (қос сүзгі)
(Тартқыш қос сүзгі, тек кейбір модельдерде бар)
*
Май сүзгісі тағам пісірген кезде түзілетін май түйіршіктерін
сорып алады. Стандартты сүзгілерге қарағанда бұл сүзгі
тиімділігі жоғарырақ болады, себебі ол толығымен болаттан
жасалған сүзгі мен әр түрлі металл торларының қабаттары
бар сүзгіден тұрады. Оны айына бір рет әлсіз жуғыш
заттармен қолмен немесе қысқа төмен температуралы
циклға орнатылған ыдыс жуу машинасында тазалау керек.
Май сүзгісін шешіп алу үшін серіппені босататын тұтқаны
тартыңыз.
Көмір сүзгіге қызмет көрсету (В)
Көмір сүзгісі жағымсыз тағам пісіру иістерін ұстайды. Сүзгі
пісірілетін тағам түріне және май сүзгісін тазалау жиілігіне
байланысты әр түрлі жиілікпен қанығып отырады. Картридж
кем дегенде жиырма айда бір рет ауыстырылуы тиіс.
Бұл сүзгіні жууға немесе қалпына келтіруге болмайды
B
Бөлшектеу: Сорғышқа бекітіп
тұратын алдыңғы екі иінтіректі
басып, белсендірілген көмір
сүзгісін шешіп алыңыз.
B
Құрастыру: Белсендірілген
көмір сүзгісін алдымен
сорғыштың артқы
жағындағы металл
тілдердің, одан кейін
алдыңғы жағындағы екі
иінтіректің көмегімен
бекітіңіз.
Тиімділігі жоғары иіс сүзгісіне техникалық қызмет
көрсету. (Тартқыш цилиндр пішінді сүзгі + әсем
қорап, тек кейбір модельдерде бар)
*
Белсендірілген көмір сүзгі тағам пісірудің жағымсыз иістерін
сорып алады. Желдету тиімділігі жоғары болуы үшін сүзгі
стандартты сүзгілерден үлкенірек болады және сорғыш
үстіне қойылатын қорап ішіне орнатылады. Көмір сүзгінің
қанығуы пеш түріне және май сүзгісін тазалау жиілігіне
байланысты әр түрлі қолдану уақытынан кейін орын алады.
Картриджді кем дегенде бес жылда бір рет ауыстыру қажет.
Сүзгіні жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ.
Бөлшектеу: Жоғарыдағы
сүзгі орналасқан қораптың
алдың панелін босатып, оны
қораптан толығымен шешіп
алыңыз, одан кейін цилиндр
пішінді сүзгіге жетесіз.
Сүзгіні бекітіп тұратын
бұранданы тиісті құралмен
бұрап алып, сүзгіні екі
қолыңызбен ұстап шығарып
алыңыз. Бұл әрекетті
орындау үшін қолғап пен
сатыны пайдаланған жөн.
*
Тек белгілі бір модельдерде бар