Instruction for Use

22
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың дұрыс
мөлшеріне де байланысты болады: тым көп жуғыш зат
қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек болмайды және
шынында құрылғы ішінде қалдықтардың түзілуіне және
қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, жуғыш затты
немесе жуғыш
қосындыны төмендегідей
салыңыз.
1өлік: Алдынла жууға арналған жуғыш зат (ұнтақ)
Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік
алынғанына көз жеткізіңіз.
2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ
немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын сәл
уақыт қалғанда құю керек.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
қосымша 4-бөлік: Ағартқыш
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
«Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі мәндерден
асырып жібермеңіз, онда кірлердің құрғақ кездегі
салмағы берілген.
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы жуу циклдары
Аралас 30': бұл жуу циклы аз кірленген киімдерді
жылдам жууға арналған: оның мерзімі 30 минут,
сондықтан қуат пен уақытты үнемдейді. Бұл жуу
циклын таңдау арқылы ( , 30°C) ең көп 3 кг салып,
әртүрлі маталарды бірге жууға болады (жүн мен жібек
заттарынан басқа).
M
AX
1
2
4
3
Аралас 15': бұл жуу циклы аз кірленген киімдерді
жылдам жууға арналған: оның мерзімі 15 минут,
сондықтан қуат пен уақытты үнемдейді. Бұл жуу
циклын таңдау арқылы ( , 30°C) ең көп 1,5 кг салып,
әртүрлі маталарды бірге жууға болады (жүн мен жібек
заттарынан басқа).
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы жуу циклын
қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған арнайы
жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе тор
сөмкеге салыңыз. жуу циклын қолданыңыз.
Жүн: Кір жуғыш машинаның -программа режимінде
кез келген жүн бұйымдарды, соның ішінде «тек
қолмен жуу» этикеткасы бар бұйымдарды да
жууға болады. Кір жуу нәтижесі жақсы болу үшін
арнайы жуғыш құралдарды пайдаланыңыз және 1,5 кг
артық бұйым салмаңыз.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер бірнеше
әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы
төмендетілген сығу жылдамдығында айналдырады.
Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.