Instruction for Use
20
KZ
Жуу циклын іске қосу
1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз;
дисплейде «ҚОШ КЕЛДІҢІЗ» мәтіні пайда болады
және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл
түспен баяу жыпылықтайды.
2. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі беттегі
бағдарламалардың кестесінде көрсетілген ең көп жүк
мәнінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
3. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ.Жуғыш зат тартпасын ашып,
«Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында айтылғанмен
сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.
4. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын
таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ түймелерінің
бірін басыңыз; жуу циклының атауы дисплейде
көрсетіледі. Әрбір жуу циклы үшін температура мен
сығу жылдамдығы орнатылған; оларды реттеуге
болады. Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі.
6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді
қолданыңыз:
Те м п е р а т ур а ж ә н е / н ем ес е с ы ғ у
жылдамдығын өзгерту.Құрылғы таңдалған жуу
циклы үшін орнатылған ең жоғары температура мен
сығу жылдамдығын автоматты түрде таңдайды;
сондықтан, бұл мәндерді арттыру мүмкін емес.
түймесін басу арқылы температураны суық сумен
жуу циклының «ӨШІРУЛІ» параметріне жеткенше
төмендетуге болады. түймесін басу арқылы сығу
жылдамдығын толығымен өшірілгенше, біртіндеп
төмендетуге болады («ӨШІРУЛІ» параметрі). Бұл
түймелер тағыда басылса, ең жоғарғы мәндер
қалпына келеді.
Кешіктіріп бастауды орнату.
Таңдалған бағдарлама үшін кешіктіріп бастауды
орнату үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін
жеткенше тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл
опция қосылғанда, дисплейде таңбасы жанады.
Кешіктіріп бастау функциясын алып тастау үшін
дисплейде «ӨШІРУЛІ» мәтіні көрсетілгенше түймені
басыңыз.
Кептіру циклын орнату.
Қажетті кептіру циклының түрін КЕПТІРУ түймесін
бір немесе бірнеше рет басып орнатуға болады. Екі
опцияны таңдауға болады:
А - Кептіргеннен кейін киімдер қаншалықты дымқыл
болатынына негізделген:
Үтіктеу: сәл дымқыл киімдер, оңай үтіктеледі.
Іліп қою: жинап қоюға болатын құрғақ киімдер.
Шкаф: өте құрғақ киімдер, орамалдар мен монша
халаттары үшін ұсынылады.
В - Уақытқа негізделген: 40 минуттан 180 минутқа
дейін.
Кептіру кезеңін алып тастау үшін дисплейде «ӨШІРУЛІ»
мәтіні көрсетілгенше тиісті түймені басыңыз.
Егер жуылып кептірілетін кірлердің салмағы
белгіленген ең көп салмақтан (жанындағы кестені
қараңыз) едәуір көп болса, жуу циклын орындаңыз,
ал цикл аяқталған кезде, киімдерді топтарға бөліп,
кейбіреуін барабанға қайта салыңыз. Осы жерде, «Тек
кептіру» циклы үшін берілген нұсқауларды орындаңыз.
Қалған киімдер үшін осы үдерісті қайталаңыз.
Ескертпе: әрбір кептіру циклының соңына әрқашан
салқындау мерзімі қосылады.
Тек кептіру
ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасын матаның түріне қарай кептіру
параметрлерінің біріне бұрыңыз ( - - ), одан
кейін КЕПТІРУ тұтқасының көмегімен қажетті кептіру
мерзімін таңдаңыз.
Цикл параметрлерін өзгерту.
• Функцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге
сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
• Функцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет
басыңыз; индикатор шамы сөнеді.
! Таңдалған функция бағдарламаланған жуу
циклымен үйлесімді болмаса, индикатор шамы
жыпылықтайды және функция қосылмайды.
! Таңдалған функция оған дейін таңдалған
функциялардың біреуімен үйлесімді болмаса,
таңдалған бірінші функцияға тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және екінші функция қосылады;
қосылған функцияға сәйкес келетін индикатор шамы
жанып тұрады.
! Функциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе
циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ. БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы
жасыл түспен қалыпты түрде жанып тұрады және
есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы
жанады). Жуу циклының барысында, орындалып
жатқан кезең аты дисплейде көрсетіледі. Орындалып
жатқан жуу циклын өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесінің көмегімен кір жуғыш-кептіргіш
тоқтатып қойыңыз (БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор
шамы қызғылт сары түспен баяу жыпылықтайды);
одан кейін қажетті циклды таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК
ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшсе, есікті ашуға
болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта
бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы
бір рет басыңыз.
8. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі «ЦИКЛ
СОҢЫ» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып,
кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.
! Басталып қойған циклды доғару қажет болса,
түймесін басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және
құрылғы өшеді.