Instruction for Use

18
KZ
Жуғыш зат тартпасы:жуғыш заттар мен жуғыш
қосындыларды енгізу үшін пайдаланылады («Жуғыш
заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі : оны құрылғыны қосу немесе
өшіру үшін аз уақыт басыңыз. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтап тұрса,
демек құрылғы қосылған. Жуу циклы барысында кір
жуғыш машинаны өшіру үшін, түймені шамамен 2 секунд
басып ұстап тұрыңыз; егер түйме аз уақыт немесе
кездейсоқ басылса, құрылғы өшпейді. Құрылғы жуу
циклы барысында өшірілсе, бұл жуу циклы доғарылады.
ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ түймелері: қажетті жуу циклын
орнату үшін пайдаланылады (Жуу циклдарының
кестесін қараңыз).
ЖАД түймесі: құрылғының жадына өзіңіз қалаған
параметрлер жинағы бар циклды сақтау үшін түймені
басып ұстап тұрыңыз. Бұрын сақталған циклды шақыру
үшін ЖАД түймесін басыңыз.
ФУНКЦИЯ түймелері: қажетті функцияны таңдау үшін
түймені басыңыз. Дисплейдегі тиісті индикатор шамы
жанады.
СЫҒУ түймесі : сығу циклын азайту немесе толығымен
алып тастау үшін басыңыз мәні дисплейде көрсетіледі.
ТЕМПЕРАТУРАтүймесі : температураны азайту үшін
басыңыз: мән дисплейде көрсетіледі.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ түймесі : басқару
тақтасының құлпын қосу үшін түймені шамамен 2 секунд
басып ұстап тұрыңыз. таңбасы жанғанда, басқару
тақтасы құлыпталады.
Яғни, жуу циклдарын кездейсоқ түрде өзгертуден
қорғауға болады, әсіресе, үйде балалар болса. Басқару
тақтасының құлпын өшіру үшін түймені шамамен 2
секунд басып ұстап тұрыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУтүймесі : таңдалған жуу циклы
үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін басыңыз. Кешіктіру
уақыты дисплейде көрсетіледі.
КЕПТІРУ түймес түймесі: кептіру циклын орнату
үшін басыңыз.
Индикатор шамы бар БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі:
жасыл индикатор шамы баяу жыпылықтап тұрғанда,
жуу циклын бастау үшін түймені басыңыз. Цикл
басталғаннан кейін индикатор шамы бір қалыпта жанып
тұрады. Жуу циклын тоқтата тұру үшін, түймені тағы бір
рет басыңыз; индикатор шамы қызғылт сары түспен
жыпылықтайды. таңбасы жанса, демек есікті ашуға
болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен бастау үшін
түймені тағы бір рет басыңыз.
Күту режимі
Осы кір жуғыш машина, жаңа қуатты үнемдеу
ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса,
шамамен 30 минуттан кейін қосылатын автоматты күту
жүйесімен жабдықталған. ҚОСУ-ӨШІРУ түймесін аз
уақыт басып, құрылғының іске қосылуын күтіңіз.
Өшірулі режимдегі тұтыну: 0,5 W
Қосулы режимдегі тұтыну: 8 W
Кір жуғыш-кептіргіш машина
сипаттамасы
Басқару тақтасы
ТЕМПЕРАТУРА
түймесі
ЖУУ
ЦИКЛЫН
ТАҢДАУ
түймелері
Жуғыш зат тартпасы
ФУНКЦИЯ
түймелері
ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесі
СЫҒУ
ЖЫЛДАМДЫҒЫ
түймесі
Индикатор шамы
бар БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесі
БАСҚАРУ
ТАҚТАСЫН
ҚҰЛЫПТАУ
түймесі
ДИСПЛЕЙ
КЕШІКТІРІП
БАСТАУ түймесі
ЖАД
түймесі
К Е П Т І Р У
түймес