Instruction for Use

KZ
21
Басқару панелі
ON/OFF индикаторының түймесі: қосу және өшіру үшін
түймені бір рет басыңыз. Жасыл индикатор машинаның
қосылып тұрғанын білдіреді. Кір жуғыш машинаны қосу
үшін кір жуу процесінде түймені шамамен 3 секунд
басып ұстап тұру қажет. Қысқа немесе кездейсоқ басып
қалғаннан машина өшіп қалмайды. Машинаны өшірген
жағдайда кір жуу процесінде ағымдағы цикл жойылады.
БАҒДАРЛАМА тұтқасы: екі жаққа да айналып тұра
алады. Қажетті бағдарламаны таңдау үшін «Бағдарлама
кестесін» қараңыз. Бағдарламаны орындау процесінде
тұтқа жылжымайды.
ТЕМПЕРАТУРА түймесі: жылытуды өзгерту немесе өшіру
үшін басыңыз; оның мәні жоғарыдағы индикаторлармен
көрсетіледі («Кір жуу циклін орындау тәртібі»).
СЫҒУ түймесі: сығуды өзгерту немесе өшіру үшін
басыңыз; оның мәні жоғарыдағы индикаторлармен
көрсетіледі («Кір жуу циклін орындау тәртібі»).
КЕШІКТІРІП ІСКЕ ҚОСУ түймесі: таңдалған
бағдарламаны кешіктіріп іске қосуды бағдарламалау үшін
басыңыз; белгіленген кешіктіру мәні жоғары жақтағы
индикатормен көрсетіледі («Кір жуу циклін орындау
тәртібі» қара).
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР индикаторының түймесі:
қолданыстағы қосымша функцияларды таңдау үшін
басыңыз. Таңдалған қосымша функция индикаторы
жанады («Кір жуу циклін орындау тәртібі»).
ЖУҒЫШ ЗАТ және ЖҰМСАРТҚЫШ түймелері:
«Автоматты мөлшерлеу жүйесі» тарауындағы «Алдын
ала орнатылған параметрлерді өзгерту» бөлімін қараңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ СҰЙЫЛТУ түймесі: «Автоматты
мөлшерлеу жүйесі» тарауындағы «Контейнерлерді
толтыру» бөлімін қараңыз.
КІР ЖУУ ФАЗАСЫ белгісі: циклің орындалу кезектілігін
қарау үшін жанады. ір жуу Шаю Сығу -
Соңғы су төгу ). Цикл аяқталған соң жазу шығады.
START/PAUSE индикаторының түймесі: жасыл индикатор
сирек жанғанда, кір жуу циклі іске қосу түймесін басыңыз.
Іске қосқан соң индикатор жыпылықтағанды қояды. Егер
«Люкті тежеу» индикаторы өшіп қалса, люкті ашуға
болады. Кір жууды тоқтаған жерінен жалғастыру үшін
осы түймені қайта басыңыз.
LOCK
индикаторы: люктің тежелгенін білдіреді. Люкті ашу
үшін, циклді тоқтату керек («Кір жуу циклін орындау тәртібі»).
ТҮЙМЕЛЕРДІ ТЕЖЕУ индикаторының: консольді
басқаруды тежеуді қосу немесе өшіру үшін түймені шамамен
2 секунд басып тұрыңыз. Қосылған индикатор консольді
басқару тежелгендігін білдіреді. Осылайша, бағдарлама
кездейсоқ өзгермейді, әсіресе үйде балалар болса.
индикаторы кір жуу параметрлері электр қуатын
кемінде 10 % үнемдегенде жанады. Сонымен қатар,
машина энергияны сақтау режиміне қосылар алдында,
оның белгісі бірнеше секунд қосылып тұрады. Машина өшіп
тұрғанда электр қуатын үнемдеу шамамен 80 % құрайды.
ТІЛДІ АУЫСТЫРУ
Құрылғы алғаш рет қосылған кезде, дисплейде бірінші
тіл жыпылықтайды. Дисплейде оң жақтағы 3 түймеге
сәйкес келетін « », «ОК» және «V» таңбалары пайда
болады. Тілдер әрбір 3 секунд сайын автоматты түрде
ауысады; немесе оларды « » және «V» таңбаларының
жанындағы түймелерді басу арқылы ауыстыруға болады.
Тілді растау үшін «ОК» түймесін басыңыз, ол 2 секундтан
кейін орнатылады. Ешбір түйме басылмаса, 30 секундтан
кейін автоматты түрде тілді ауыстыру басталады.
Құрылғы өшіп тұрған кезде ғана тілді ауыстыруға болады.
Температура +сығу +кешіктіріп бастау
түймелерін 5 секунд басып ұстап тұрыңыз; қысқа сигнал
естіліп, дисплейде орнатылған тіл жыпылықтайды. Тілді
ауыстыру үшін « » және «V» таңбаларының жанындағы
түймені басыңыз. Тілді растау үшін «ОК» таңбасының
жанындағы түймені басыңыз, ол 2 секундтан кейін
орнатылады. Ешбір түйме басылмаса, 30 секундтан кейін
бұрын орнатылған тіл көрсетіледі. Құрылғыны қосу.
ТЕМПЕРАТУРА
түймесі
БАҒДАРЛАМАНЫ
таңдау тұтқасы
ҚОСЫМША
ФУНКЦИЯЛАР
индикаторының түймесі
LOCK
индикаторы
START/PAUSE
индикаторының
түймесі
КІР ЖУУ
ФАЗАСЫ
белгісі
СЫҒУ түймесі
БАЛАЛАРДАН
ҚОРҒАУ
индикаторының
түймесі
ON/OFF
индикаторының
түймесі
ЕСО
индикаторы
КЕЙІНГЕ
ҚАЛДЫРЫП ІСКЕ
ҚОСУ түймесі
ДИСПЛЕЙ
ЖҰМСАРТҚЫШ
түймесі
ЖУҒЫШ ЗАТ
түймесі
ЖУҒЫШ ЗАТТЫ
СҰЙЫЛТУ
түймесі