Instruction for Use

KZ
73
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
Орнатқаннан кейін тартпалардан тығындарды
(бар болса)
,
жоғарғы тартпада қалған эластикалық элементтерді алып
тастаңыз.
Су жұмсартқышының параметрлері
Алғашқы жуу циклын бастамас бұрын су желісінен
келетін судың қаттылық деңгейін орнатыңыз.
(«Шаюға
көмекші зат және тазаланған тұз» тарауын қараңыз).
Алдымен су құйылған жұмсартқыш ыдысын салыңыз,
одан кейін шамамен 1 кг тұз қосыңыз. Су асып, ағып
кетсе, ештеңе етпейді.
Бұл процедура аяқталар-аяқталмас жуу циклын іске
қосыңыз.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған тұзды ғана
қолданыңыз.
Тұз машинаға құйылғаннан кейін, ТҰЗ АЗ индикатор
шамы сөнеді.
Тұз контейнері толтырылмаса, нәтижесінде су
жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыда пайдаланушыға пәрмен қолданылғанын
білдіруге арналған сигнал/үндер жиыны бар қосу, цикл
соңы, т.б.
Басқару тақтасындағы/дисплейдегі таңбалардың/
индикатор шамдарының/диодтардың түсі әр түрлі және
жыпылықтай немесе тұрақты жарығы болуы мүмкін.