Instruction Manual

Table Of Contents
0478 201 9913 D - KK
560
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Электрлік бақша ұсақтағышы (STIHL
GHE)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұсқат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
пайда болған кез келген материалдық
залал немесе жарақаттану үшін STIHL
компаниясы жауапкершілік тартпайды.
STIHL құрылғысының зақымдарын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін міндетті түрде мына
маңызды нұсқауларды орындаңыз:
1. Тозатын бөлшектер
STIHL құрылғысының кейбір бөлшектері
мақсатына сай пайдаланылған кезде де
қалыпты тозуға тап болады жəне
оларды пайдалану түрі мен ұзақтығына
қарай уақыт өте келе ауыстыру керек.
Оларға мыналар жатады:
Шапқыш пышақ
Дискілі пышақ
2. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарын орындау
STIHL құрылғысын пайдалану, сақтау
жəне оған техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
жеткізуші сымның өлшемдерін дұрыс
анықтамау (көлденең қима),
электр желісіне дұрыс қосылмау
(кернеу),
өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу,
аспап үшін рұқсат етілмеген,
жарамсыз немесе сапасы төмен
құрылғыларды немесе керек-
жарақтарды қолдану,
өнімді мақсатынан тыс пайдалану,
өнімді спорттық немесе басқа да
жарыс шараларында пайдалану,
бөлшектері ақаулы өнімді
пайдаланудан болатын зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар
«Техникалық қызмет көрсету»
бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстар
тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
осы жұмыстарды пайдаланушы өз
бетімен өткізе алмаған жағдайда
делдалға хабарласу керек.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек қана STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Осы жұмыстар өткізілмеген жағдайда
пайдаланушыны жауапкершілікке
тартатын зақымдар пайда болуы
мүмкін.
Оларға мыналар жатады:
Ауамен салқындату жүйесінің
(желдеткіш саңылаулар,
салқындатқыш қабырғалар,
желдеткіштік жұдырықшасы) қоқысқа
толуы нəтижесінде электр
қозғалтқыштың зақымдануы.
тоттануға жəне дұрыс сақтамауға
байланысты басқа да зақымдары.
сапасыз қосалқы бөлшектерді
қолдануға байланысты сынған
жерлері,
уақытында өткізілмеген немесе
жеткіліксіз түрде өткізілген
техникалық қызметтен туындаған не
болмаса біліксіз тұлғалар тарапынан
өткізілетін сервистік жəне жөндеу
жұмыстарының кезінде пайда болған
зақымдар.
Бұрылмалы пышақ:
6008 702 0121
Қалақ-пышақ:
6008 702 0300
GHE 150, GHE 250 S, GHE 260 S
Жинақтағы дискілі пышақ:
6008 700 5120
GHE 250, GHE 260
Жинақтағы дискілі пышақ:
6008 700 5117
Қалақ-пышақ:
6008 702 0310
Бөлгіш пышақ:
6008 702 0110
13. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау
14. Басқа да қосалқы
бөлшектер