User manual

Сауда белгілері
Bluetooth
Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері —
Bluetooth SIG, Inc. компаниясының
меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне
MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы мұндай белгілерді кез келген
жерде лицензия бойынша қолданады.
Siri
Siri — Apple Inc. компаниясының АҚШ-та
жəне басқа елдерде тіркелген сауда белгісі.
Google
Google жəне Google логотипі — Google
Inc. компаниясының тіркелген сауда
белгілері.
Сəйкестік туралы
хабарландыру
Осы құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне
сəйкес келеді, қолдану үшін төмендегі екі
талап орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы зиянды кедергі
жасамауы тиіс жəне
2. Осы құрылғы түскен кез келген
кедергіні, оның ішінде жұмысына
жағымсыз əсер етуі мүмкін кедергіні
қабылдауы тиіс.
FCC ережелері
Осы жабдық сынақтардан өткізіліп, FCC
ережелерінің 15-бөлімінде көрсетілген В
сыныбындағы цифрлық құрылғыға
қойылатын шектеулерге сəйкес келетіні
анықталған. Осы шектеулер тұрғын жерлерде
зиянды кедергіден қисынды деңгейдегі
қорғанысты қамтамасыз ету үшін белгіленген.
Осы жабдық радиожиілік қуатты түзеді,
қолданады жəне шығаруы мүмкін, сондықтан
нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаған жəне
қолданылмаған жағдайда, радио байланысқа
зиянды кедергі жасауы мүмкін.
Дегенмен белгілі бір жағдайларда кедергі
болмайтынына кепілдік берілмейді. Осы
жабдық қабылданатын радио немесе
теледидар сигналдарына зиянды кедергі
жасаса (оны өнімді өшіріп-қосу арқылы
тексеруге болады), пайдаланушы төмендегі
шаралардың біреуін немесе бірнешесін
қолдану арқылы кедергіні жоюға əрекет
жасағаны жөн:
Қабылдағыш антеннаны басқа жерге қою.
Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттыру
Жабдықты қабылдағыш жалғанып тұрған
электр тізбектен басқа тізбектегі
розеткаға жалғау.
Дилерге немесе тəжірибелі
радио/теледидар маманына
хабарласып, көмек сұрау.
АҚШ Федералдық байланыс
комиссиясының (FCC) сəулелену əсеріне
қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме
Осы жабдық FCC ұйымының бақыланбайтын
орталардағы сəулелену əсеріне қоятын
шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты
кез келген басқа антеннамен немесе
таратқышпен бір жерге орналастыруға
немесе бірге жұмыс істетуге болмайды.
Канада:
Осы құрылғы Канада Өнеркəсіп
министрлігінің лицензия талап етілмейтін
RSS стандарт(тар)ына сəйкес келеді.
Қолдану үшін төмендегі екі талап
орындалуы тиіс: (1) осы құрылғы зиянды
кедергі жасамауы тиіс жəне (2) осы құрылғы
түскен кез келген кедергіні, оның ішінде
жұмысына жағымсыз əсер етуі мүмкін
кедергіні қабылдауы тиіс.
CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
Канада Өнеркəсіп министрлігінің
сəулелену əсеріне қоятын талаптарына
қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық Канаданың бақыланбайтын
орталардағы сəулелену əсеріне қоятын
шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты
кез келген басқа антеннамен немесе
таратқышпен бір жерге орналастыруға немесе
бірге жұмыс істетуге болмайды.
Сақ болыңыз: Пайдаланушыға сəйкестікке
жауапты тарап анық растамаған
өзгертулерді енгізу пайдаланушының
жабдықты қолдану құқығын жоюы мүмкін
екені туралы ескертіледі.
10 KZ