User manual

3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Зарядтау
Ескертпе
Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан бұрын, батарея
көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін
құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салып,
батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы
USB-C зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққаптарды зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққаптарды зарядтау үшін
жалғаған кезде, олар өшіріледі.
USB кабелінің бір жағын зарядтау қорапшасына,
ал екінші жағын қуат көзіне жалғаңыз.
Зарядтау процесінің орындалып жатқанын
алдыңғы панельдегі ЖШД шамымен
тексеруге болады.
Зарядтау қорапшасы толығымен
зарядталған кезде, шам сөнеді.
Ақыл-кеңес
Зарядтау қорапшасы құлаққаптарды зарядтауға
арналған тасымалы қосалқы батарея рөлін атқарады.
Зарядтау қорапшасы толығымен зарядталған кезде, ол
құлаққаптарды 2 рет толығымен қайта зарядтай алады.
Əдетте USB кабелі арқылы толық зарядталуға 2 сағат
кетеді (құлаққаптар немесе зарядтау қорапшасы үшін).
Құлаққаптардағы ЖШД индикаторлары
ақ жəне көк түспен кезек-кезек
жыпылықтайды.
Құлаққаптар осы кезде жұптастыру
режиміне өтіп, Bluetooth құрылғысымен
(мысалы, мобильді телефонмен)
жұптастырылуға дайын тұрады.
Зарядтау қорапшасы зарядтала
бастайды.
Құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет
жұптастыру
Құлаққаптар толығымен зарядталғанына
жəне өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Зарядтау қорапшасының қақпағын ашыңыз.
Ескертпе
Қуаты қосылғаннан кейін құлаққаптар бұрын
жалғанған ешбір Bluetooth құрылғысын таба алмаса,
олар автоматты түрде жұптастыру режиміне өтеді.
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын қосыңыз.
Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен
жұптастырыңыз. Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
KZ 5