User manual

14 KK
қайта жұптаңыз. (7-беттегі
"Құлақаспапты мобильді телефонмен
жұптастыру" бөлімін қараңыз.)
Менің Bluetooth құлақаспабым Bluetooth
стерео қолдайтын мобильді телефонға
қосылған, бірақ музыка тек мобильді
телефон динамигі арқылы шығады.
Мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз. Музыканы құлақаспап
арқылы тыңдау опциясын таңдаңыз.
Дыбыс сапасы төмен және тырсылдаған
дыбыс естіледі.
Bluetooth құрылғысы байланыс
ауқымынан тыс. Құлақаспап пен Bluetooth
құрылғысы арасындағы қашықтықты
азайтыңыз немесе олардың арасындағы
кедергілерді алып тастаңыз.
Құлақаспапты қуаттаңыз.
Дыбыс мобильді телефоннан шыққан
кезде дыбыс сапасы төмен, өте баяу
немесе ағын қызметі жұмыс істемейді.
Мобильді телефоныңыз тек HFP (моно)
ғана емес, сонымен қатар A2DP, BT4.0x
(немесе одан жоғары) технологияларымен
үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз (10-беттегі
ехникалық деректер" бөлімін қараңыз).
Кілт құлақаспаппен байланыспауда.
Кілт пен құлақаспап арасындағы сымсыз
байланыста қосылым мүмкіндігі жоғалған
болуы мүмкін. Мұны түзету үшін келесі
әрекеттерді орындаңыз:
1. Кілтті іске қосу үшін USB қуаттағышына
енгізіңіз.
2. PAIR түймесін екі секунд басып
тұрыңыз, сонда кілттің жарық диоды
жыпылықтайды.
3. Құлақаспапты іске қосып, MFB түймесін
басыңыз да, оны төрт секунд басып
тұрыңыз. Құлақаспаптың жарық диоды
көк және ақ түсте жыпылықтайтынын
көресіз.
4. Кілттегі PAIR түймесін бір рет басыңыз.
Сәтті жұптасқан кезде құлақаспаптың
жарық диоды көк түспен баяу
жыпылықтайды.
10 Жиі қойылатын
сұрақтар
Bluetooth құлақаспабым іске
қосылмайды.
Батарея деңгейі төмен. Құлақаспапты
қуаттаңыз.
Bluetooth құлақаспабы Bluetooth
құрылғысымен жұптаспауда.
Bluetooth функциясы өшірілген.
Құлақаспапты іске қоспас бұрын құрылғыны
және Bluetooth функциясын іске қосыңыз.
Құлақаспап параметрлерін қайта орнату
жолы.
Егер пайдалану кезінде құлақаспап іске
қосылмай немесе жауап бермей қалса,
"MFB" және "Дыбыс деңгейі +" түймелерін
бірге 1 секунд басып тұрыңыз.
Мен музыканы естимін, бірақ Bluetooth
құрылғысында басқара алмаймын
(мысалы, ойнату/кідірту/алға/артқа
айналдыру әрекеттерін орындай
алмаймын).
Bluetooth дыбыс көзі AVRCP қолдайтынын
тексеріңіз (10-беттегі "Техникалық
деректер" бөлімін қараңыз .)
Құлақаспаптың дыбыс деңгейі тым төмен.
Кейбір Bluetooth құрылғылары дыбыс
деңгейін құлақаспаппен автоматты түрде
синхрондай алмайды. Бұл жағдайда тиісті
дыбыс деңгейіне қол жеткізу үшін Bluetooth
құрылғысындағы дыбыс деңгейін бөлек
реттеңіз.
Bluetooth құрылғысы құлақаспапты таба
алмай жатыр.
Құлақаспап бұрын жұпталған құрылғымен
жалғаулы болуы мүмкін. Жалғанған
құрылғыны өшіріңіз немесе оны
ауқымнан тыс жерге апарыңыз.
Жұптау қайта орнатылған немесе
құлақаспап бұрын басқа құрылғымен
жұпталған болуы мүмкін. Құлақаспапты
пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталғандай Bluetooth құрылғысымен
Одан әрі қолдау алу үшін
www.philips.com/support сайтына кіріңіз.