User Guide

11KK
7 Ескертпе
Сәйкестік туралы
мәлімдеме
MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы осымен бұл өнімнің RED
Directive 2014/53/EU директивасының
және UK Radio Equipment Regulations
SI 2017 No 1206 ережелерінің
негізгі талаптарына және басқа да
тиісті ережелерге сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы
мәлімдемені мына сайттан табуға
болады: www.philips.com/support.
Ескі бұйым мен
батареяны қайта
өңдеуге өткізу
Сіздің өніміңіз қайта өңдеуге
және қайта пайдалануға болатын
жоғары сапалы материалдар мен
компоненттерден құралған және
жасалған.
Бұйымдағы бұл таңба бұйымға
2012/19/EU еуропалық директивасы
бойынша қолданылатынын білдіреді.
Бұл таңба бұйымның құрамында
2013/56/EU еуропалық директивасы
бойынша қолданылатын және
қарапайым тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайтын батарея
бар екенін білдіреді. Маман қайта
қуатталатын батареяны шығарып
алуы үшін өнімді ресми қабылдау
орнына немесе Philips қызмет көрсету
орталығына апаруды ұсынамыз.
Электрлік және электрондық өнімдер
мен қайта қуатталатын батареяларды
бөлек жинайтын жергілікті жүйе
туралы біліңіз. Жергілікті ережелерді
сақтаңыз және бұйымды және қайта
қуатталатын батареяларды әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге
ешқашан тастамаңыз. Ескі өнімдер
мен қайта қуатталатын батареяларды
дұрыс тастау қоршаған орта мен
адам денсаулығына кері әсерін
болдырмауға көмектеседі.
Кірістірілген батареяны
шығару
Егер еліңізде электрондық
бұйымдарды жинау/қайта өңдеу
жүйесі болмаса, құлақаспапты тастамас
бұрын батареяны шығарып, қайта
өңдеуге алып қалу арқылы қоршаған
ортаны қорғауға болады.
Батареяны шығармас бұрын,
құлаққаптың қуаттау корпусынан
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.