User manual
8 Жиі
қойылатын
сұрақтар
Bluetooth гарнитурасы қосылмайды.
Батарея заряды аз. Гарнитураны
зарядтаңыз.
Bluetooth гарнитурасын Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру мүмкін
емес.
Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth
құрылғысында Bluetooth функциясын іске
қосып, Bluetooth құрылғысын гарнитурадан
бұрын қосыңыз.
Жұптастыруды бастапқы қалпына
келтіру жолы.
Құлаққап жұптастыру режимінде тұрғанда
(қызыл жəне көк шамдар кезек-кезек
жыпылықтап тұрады), қуат түймесін +
жағына итеріп, күлгін ЖШД шамы жанғанша
6 минуттан артық ұстап тұрыңыз.
Bluetooth құрылғысында музыканы
естимін, бірақ оны басқара алмаймын
(мысалы, ойнату/кідірту/алға аттап
өту/артқа аттап өту).
Bluetooth аудио көзі AVRCP профилін
қолдайтынына көз жеткізіңіз («Техникалық
деректер» бөлімін қараңыз).
Гарнитураның дыбыс деңгейі тым
төмен.
Кейбір Bluetooth құрылғылары дыбыс
деңгейін синхрондау функциясы арқылы
дыбыс деңгейін гарнитураға байланыстыра
алмайды. Мұндай жағдайда тиісті дыбыс
деңгейін орнату үшін Bluetooth
құрылғысында дыбыс деңгейін жекеше
реттеңіз.
Bluetooth құрылғысы гарнитураны
таппайды.
• Гарнитура одан бұрын жұптастырылған
құрылғыға жалғанып тұруы мүмкін.
Жалғанған құрылғыны өшіріңіз немесе
сигнал ауқымынан тыс жерге апарыңыз.
• Жұптастыру бастапқы қалпына
келтірілген болуы мүмкін немесе
гарнитура одан бұрын басқа құрылғымен
жұптастырылған болуы мүмкін.
Гарнитураны Bluetooth құрылғысымен
пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталғандай қайта жұптастырыңыз.
(6-беттегі «Гарнитураны Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет жұптастыру»
бөлімін қараңыз).
Bluetooth гарнитурасы Bluetooth стерео
функциясы қосылған мобильді
телефонға жалғанып тұр, бірақ музыка
тек мобильді телефон динамигі арқылы
ойнатылады.
Мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз. Музыканы гарнитура
арқылы тыңдауды таңдаңыз.
Аудио сапасы нашар жəне
шыртылдаған шу естіледі.
• Bluetooth құрылғысы сигнал ауқымынан
тыс жерде. Гарнитура пен Bluetooth
құрылғысының арасындағы
қашықтықты азайтыңыз немесе
олардың арасындағы кедергілерді
алып тастаңыз.
• Гарнитураны зарядтаңыз.
Мобильді телефоннан ағынмен таратқан
кезде, аудио сапасы нашар болады
немесе аудио ағын мүлде жұмыс
істемейді.
Мобильді телефон (моно) HFP профилін
ғана емес, A2DP профилін де қолдайтынына
жəне BT4.0x (не одан кейінгі) нұсқасымен
үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз
(«Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Қосымша қолдау алу үшін мына сайтқа кіріңіз: www.philips.com/support.
KZ