User manual

Bluetooth құлаққабы қосылмайды.
Батарея заряды аз. Құлаққапты
зарядтаңыз.
Bluetooth құлаққабын Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру мүмкін
емес.
Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth
құрылғысында Bluetooth функциясын іске
қосып, Bluetooth құрылғысын құлаққаптан
бұрын қосыңыз.
Bluetooth құрылғысы құлаққапты
таппайды.
Құлаққап одан бұрын жұптастырылған
құрылғыға жалғанып тұруы мүмкін.
Жалғанған құрылғыны өшіріңіз немесе
сигнал ауқымынан тыс жерге
апарыңыз.
Жұптастыру бастапқы қалпына
келтірілген болуы мүмкін немесе
құлаққап одан бұрын басқа
құрылғымен жұптастырылған болуы
мүмкін. Құлаққапты Bluetooth
құрылғысымен пайдаланушы
нұсқаулығында сипатталғандай қайта
жұптастырыңыз. (5-беттегі
«Құлаққапты Bluetooth құрылғысымен
алғаш рет жұптастыру» бөлімін
қараңыз).
Bluetooth құлаққабы Bluetooth стерео
функциясы қосылған мобильді
телефонға жалғанып тұр, бірақ музыка
тек мобильді телефон динамигі
арқылы ойнатылады.
Мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз. Музыканы құлаққап
арқылы тыңдауды таңдаңыз.
KZ
8 Жиі
қойылатын
сұрақтар
Аудио сапасы нашар жəне шыртылдаған
шу естіледі.
Bluetooth құрылғысы сигнал ауқымынан
тыс жерде. Құлаққап пен Bluetooth
құрылғысының арасындағы қашықтықты
азайтыңыз немесе олардың арасындағы
кедергілерді алып тастаңыз.
Құлаққапты зарядтаңыз.
Мобильді телефоннан ағынмен таратқан
кезде, аудио сапасы нашар болады
немесе аудио ағын мүлде жұмыс
істемейді.
Мобильді телефон (моно) HFP профилін
ғана емес, A2DP профилін де қолдайтынына
жəне BT4.0x (не одан кейінгі) нұсқасымен
үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз (8-беттегі
«Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Bluetooth құрылғысында музыканы
естимін, бірақ оны басқара алмаймын
(мысалы, ойнату/кідірту/алға аттап
өту/артқа аттап өту).
Bluetooth аудио көзі AVRCP профилін
қолдайтынына көз жеткізіңіз (8-беттегі
«Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Құлаққаптың дыбыс деңгейі тым төмен.
Кейбір Bluetooth құрылғылары дыбыс
деңгейін синхрондау функциясы арқылы
дыбыс деңгейін құлаққапқа байланыстыра
алмайды. Мұндай жағдайда тиісті дыбыс
деңгейін орнату үшін Bluetooth
құрылғысында дыбыс деңгейін жекеше
реттеңіз.
Құлаққапты басқа құрылғыға жалғай
алмай отырмын, не істеуім керек?
бұрын жұптастырылған құрылғының
Bluetooth функциясы өшіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Екінші құрылғыда жұптастыру
процедурасын қайталаңыз (5-беттегі
«Құлаққапты Bluetooth құрылғысымен
алғаш рет жұптастыру» бөлімін қараңыз).
Қосымша қолдау алу үшін мына сайтқа кіріңіз:
www.philips.com/support.