User manual

7KK
6 Ескерту
Ескірген бұйымдарды және
батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EC
еуропалық директивасына сай келетін,
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдар мен
батареяларға арналған жергілікті жеке
жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және
бұйымдар мен батареяларды қалыпты
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге
көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
үшін «Батареяны алмастыру» бөлімін қараңыз.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға оңай
ажыратылатын етіп жасауға тырыстық:
картон (қорап), көбік полистирол (буфер)
және полиэтилен (дорбалар, қорғағыш көбік
орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсі біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.