User manual
1 Мұрын триммері басын ыстық сумен шайыңыз.
2 Қажетсіз шаштарды кетіру үшін, құрылғыны
қосып, мұрын триммері басын тағы бір рет
шайыңыз. Одан кейін құрылғыны қайта өшіріңіз.
Толығымен тазалау үшін, мұрын триммері басын
жылы сулы ыдысқа бірнеше минутқа батырып,
одан кейін ауыр шашты/қоқысты кетіру үшін
құрылғыны қосыңыз.
3 Артық суды шайқап төгіп, барлық бөлшектерін
ауада толығымен кептіріңіз.
Дәлдік ұстарасын тазалау
1 Дәлдік ұстарасын әрбір жағындағы ойықтарда
ұстап, үстіңгі бөлігін астыңғы бөлігінен тартып
шығарыңыз.
2 Дәлдік ұстарасы ішіне жиналып қалған шашты
үрлеп және/немесе сілкіп шығарыңыз.
Қыратын фольгадан шашты кетіру үшін,
тазалау щеткасын пайдаланбаңыз.
3 Дәлдік ұстарасының үстіңгі бөлігін жылы ағын
суда тазалаңыз.
4 Артық суды шайқап төгіп, барлық бөлшектерін
ауада толығымен кептіріңіз.
5 Үстіңгі бөлігін дәлдік ұстарасының төменгі
бөлігіне қайта тіркеңіз.
Сақтау
- Құралды берілген дорбасында сақтаңыз.
Ескертпе: Құрылғыны қалтаға сақтау алдында
кептіріңіз.
287
Қазақша