Important Information Manual

ҚАЗАҚША
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама
1. Қосу/өшіру түймесі
2. Мотор бөлімі
3. Шешу түймесі
4. Қол блендері
5. Бұлғауыштың байланыстырғыш бөлігі (тек HR2533, HR2536, HR2537,
HR2538 үлгісінде)
6. Бұлғауыш (тек HR2533, HR2536, HR2537, HR2538)
7. Стакан
8. Картоп езгіштің байланыстырғыш бөлігі (тек HR2538 үлгісінде)
9. Картоп езгіш (тек HR2538 үлгісінде)
10. Картоп езгіш күрекшесі (тек HR2538 үлгісінде)
11. XL турағыштың қақпағы (тек HR2537 үлгісінде)
12. XL турағыштың пышақтары (тек HR2537 үлгісінде)
13. XL турағыштың ыдысы (тек HR2537 үлгісінде)
14. Шағын турағыштың қақпағы (тек HR2532, HR2533, HR2535, HR2536,
HR2537, HR2538 үлгісінде)
15. Шағын турағыштың пышақтары (тек HR2532, HR2533, HR2535,
HR2536, HR2537, HR2538 үлгісінде)
16. Шағын турағыштың тостағаны (тек HR2532, HR2533, HR2535,
HR2536, HR2537, HR2538 үлгісінде)
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз
да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды, немесе кран астындағы сумен шаюға да
болмайды. Мотор бөлігін тазалау үшін тек дымқыл
шүберекті пайдаланыңыз.
Ескерту
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің
жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп
алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе
өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу
үшін, оны Philips, оның қызмет агенті немесе сол
сияқты кәсіби мамандар алмастыруы тиіс.
- Пышақтар бөлігінің кесетін жүздерін, әсіресе құрал
розеткаға жалғаулы тұрғанда ұстамаңыз. Кесетін
жүздері өте өткір.
- Турағыштың ыдысы болмаса, ешқашан турағыштың
пышағын қолданбаңыз.
- Шашырамауы үшін қоспас бұрын блендерді
немесе бұлғауышты (белгілі бір түрлері үшін ғана)
ингредиенттерге, әсіресе ыстық ингредиенттерді
өңдегенде, әрқашан батырыңыз.
- Егер пышақ тұрып қалса, пышақ бөлігін бітеп қалған
азық-түліктерді алу үшін алдымен құрылғыны ток
көзінен суырыңыз.
- Стаканға ыстық сұйықтық құйғанда сақ болыңыз,
өйткені ыстық сұйықтық және бу күйіп қалуға
әкелуі мүмкін.
- Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға
арналған. Ол, басқа жағдайда, соның ішінде:
дүкендердегі қызметкерлерге арналған асүйлерде,
кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда
және сондай басқа да жерлерде қолданылуға
арналмаған. Ол мейманханалардың, мотельдердің,
қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің
тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
- Мұз кесектері сияқты қатты заттарды жабдықпен
өңдемеңіз.
- Бұл құрылғыныбалаларға пайдалануға болмайды.
Құралды және оның сымын балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және
құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құрылғыны физикалық,
сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен
тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу,
сақтау және тазалау алдында әрқашан құралды
қуат көзінен ажыратыңыз.
- Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін
бөлшектерді жақсылап тазалаңыз. Осы нұсқаулықта
берілген нұсқауларды және тазалау кестесін
қараңыз.
- Аксессуарларды ауыстырудың немесе қозғалмалы
бөліктерге жақындаудың алдында құрылғыны
әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
Ескерту
- Құрылғыны кез келген керек-жарақтармен бірге
3 минуттан артық уақыт бойы үздіксіз қолданбаңыз.
Өңдеуді жалғастырмас бұрын, құралды 15 минут
суытып алыңыз.
- Қосалқы құралдардың ешқайсысы микротолқынды
пеште пайдалануға жарамды емес.
- Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips
компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы құралдар
мен бөлшектерді пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы
құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз, кепілдік
өз күшін жояды.
- Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және
шаңнан аулақ ұстаңыз.
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілген арнайы мақсатта қолданыңыз.
- Стаканға, XL турағыштың тостағанына (тек белгілі
бір түрлері) немесе шағын турағыш ыдысына (тек
белгілі бір түрлері) 80°C/175°F температурасынан
ыстық заттарды құймаңыз.
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау
уақытынан асырмаңыз.
- Блендер сояуышының пышақ блогын ағынды сумен
жуыңыз. Қуат блогын ешқашан суға батырмаңыз.
- Тазартқан соң, блендер сояуышын кептіріңіз.
Көлденең күйде немесе пышақтарын жоғары
қаратып сақтаңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 85 dB(A)
Pesto Genovese
Бұл рецептті XL турағышпен дайындауға болады. XL турағышы тек
HR2537 модельдерінің жеткізілім көлеміне кіреді, қалған бөлігі үшін
қосымша аксессуар ретінде тапсырыс беруге болады.
- 275 г пармезан, шамамен 3 см кубиктерге туралған
- Сарымсақтың 2 бөлігі
- 50 г балқарағай жаңғағы;
- 15 г балғын насыбайгүл жапырақтары
- Зәйтүн майының 4 ас қасығы
1. Жоғарыда көрсетілген ретпен ингредиенттерді XL ұсақтағыш
ыдысына салыңыз.
2. XL тостағанды қақпақпен жабыңыз, электрқозғалтқыш блогының
қақпағының үстіне қойыңыз.
3. Қосу/өшіру түймесін басып, турағышты 5 секундқа іске қосыңыз.
Қол блендері
Өндіруші: «Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.», Туссендиепен 4, 9206 АД,
Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:
«ФИЛИПС» ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы,
Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
HR2531; HR2532; HR2533; HR2534; HR2535; HR2536; HR2537; HR2538
220-240 B; 50–60 Гц; 650 Вт
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
Қытайда жасалған
ІІ қауіпсіздік класы
Егер басқа материал ретінде белгіленбесе, жәшік ішіндегі барлық
бума материалдары қайта өңделмелі қағаздан жасалады; жәшік сыртынан
PAP
белгісін қараңыз.
Шарттары сақтау жұмыс
Температура -20 +60°C +10 +40°C
Салыстырмалы ылғалдылық 10% 95%
Атмосфералық қысым 70 110 kPa
3000 039 33871 A
HR2531, HR2532
HR2533, HR2534
HR2535, HR2536
HR2537, HR2538
Specications are subject to change without notice.
© 2020 Koninklijke Philips N.V.
All rights reserved.

Summary of content (2 pages)