User manual
7KK
3 Жұмысты
бастау
Ескерту
•
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет
көрсету процедураларын орындау зиянды сәуленің
шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Philips компаниясына хабарлассаңыз,
сізден осы құрылғының моделін және
сериялық нөмірін сұрайды. Модель нөмірі
мен сериялық нөмірі құрылғының астыңғы
жағында орналасқан. Осы жерге нөмірлерді
жазыңыз:
Үлгі нөмірі __________________________
Сериялық нөмір
___________________________
Қашықтан басқару құралын
дайындау
Ескерту
•
Өнімді бұзып алу қаупі! Қашықтан басқару
құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жағдайда
батареяларды алып тастаңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын
салу үшін:
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
2 Жинақта берілген AAA батареясын
көрсетілгендей полярлықтарын (+/-)
дұрыс қаратып салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
Қуатты қосу
Құрылғы айнымалы ток көзінен немесе
батареялардан қосуға болады.
1-таңдау: айнымалы ток көзі
Абайлаңыз
•
Өнімді бұзып алу қаупі! Электр кернеуі құрылғының
артқы жағында немесе астында көрсетілген
кернеуге сәйкес екенін тексеріңіз.
• Ток соғу қаупі бар! Айнымалы ток көзінен
ажыратқанда, ашаны әрқашан розеткадан суырыңыз.
Сымды ешқашан тартпаңыз.
Айнымалы ток сымын төмендегілерге
қосыңыз:
• құрылғыдағы AC~ MAINS ұясына.
• розеткаға.
Кеңес
•
Қуат үнемдеу үшін пайдаланғаннан кейін құрылғыны
өшіріңіз.
2-таңдау: батарея қуаты
Ескерту
•
Батареяларда химиялық заттар болуы мүмкін,
сондықтан оларды қоқысқа дұрыс тастау керек.