Owners manual

56
ЕСКЕРТПЕ: опцияны таңдау әдісі деректер түрі бойынша әр түрлі
болуы мүмкін.
3 Bluetooth қосылатын құрылғыны іздеңіз және жұптаңыз.
Деректерді Bluetooth мүмкіндігі арқылы қабылдау
1 Файлды планшетке жіберу үшін Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығына жүгініңіз. Екі құрылғы да жұпталған және
Bluetooth мүмкіндігі іске қосылған болуы керек.
2 Құрылғыларды жұптастырыңыз және файлдарды қабылдау үшін
Bluetooth авторизация сұрауы келген кезде Қабылдау түймесін
түртіңіз.
SmartShare
SmartShare мүмкіндігін галерея, музыка, т.б. қолданбаларда оңай
пайдалануға болады.
Әр түрлі құрылғылар арқылы мазмұнды пайдалану
Планшеттегі мазмұнды әр түрлі құрылғылармен ортақ пайдалануға
болады. немесе > SmartShare түрту арқылы мазмұнды Галерея,
Музыка, POLARIS Office 5 қолданбаларында ортақ пайдаланыңыз.