Owners manual
55
Камера
Телефондағы OIS (оптикалық кескін тұрақтандырғыш) камерасымен
физикалық шайқалуға жол бермей, суретті анық етіп түсіруге болады. Multi
Point AF (автофокус) мүмкіндігі нысан ортада болмағанның өзінде анық әрі
табиғи сурет түсіруге мүмкіндік береді.
Камера қолданбасын ашу үшін негізгі экрандағы Камера түймесін түртіңіз.
Көрініс іздегішпен танысу
Жарқылдақ – Өшірулі , Қосулы немесе Автоматты
опцияларының бірін таңдаңыз.
Камераны ауыстыру – артқа қарайтын камера объективі мен алға қарайтын
камера объективін ауыстырыңыз.
Түсіру режимі – Жалпы, Shot & Clear, Динамикалық ауқым (HDR),
Панорама, VR Панорама, Сериялық түсіру, Әдемі етіп түсіру, Қос
камера, Түсіру уақыты, Ақылды авто-режимі, Спорт немесе Түн
опцияларының бірін таңдаңыз.
Баптаулар – Бұл белгішені баптаулар мәзірін ашу үшін түртіңіз.
Бейне режимі – Бейне режиміне ауысу үшін осы белгішені төмен
сырғытыңыз.
Түсіру түймесі
Галерея - соңғы түсірілген фотосуретті көру үшін түртіңіз. Бұл галереяға кіріп,
камера режимінде кезде сақталған фотосуреттерді көруге мүмкіндік береді.