Owners manual
51
Хабарлар
Телефонда SMS және MMS хабарлары интуитивті, оңай пайдаланылатын бір
мәзірге біріктірілген.
Хабар жіберу
1 Негізгі экранда белгішесін түртіңіз және бос хабарды ашу үшін
белгішесін түртіңіз.
2 Контакт атын немесе контакт нөмірін Кімге: өрісіне енгізіңіз. Контакт атын
енгізгенде, сәйкес контактілер пайда болады. Ұсынылған алушыны түртуге
болады. Бірнеше контактіні қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: сізден мәтінді хабар жіберілген әр адам үшін ақы
алынады.
3 Хабар жазу жолын түртіп, хабар жасауды бастаңыз.
4 Опциялар мәзірін ашу үшін опциясын түртіңіз. Тез хабарлама,
Смайл енгізу, Жіберуді жоспарлау, Тақырып қосу және Елемеу
опцияларының бірін таңдаңыз.
КЕҢЕС! Хабар арқылы бөлісетін файлды тіркеу үшін белгішесін
түртуге болады.
5 Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін түртіңіз.
6 Жауаптар экранда пайда болады. Қосымша хабарларды көргенде және
жібергенде, хабарлар ағыны жасалады.
ЕСКЕРТУ:
• 160 таңбалық шектеу әр елде тілге және SMS хабарының кодталуына байланысты
өзгеше болуы мүмкін.
• Егер SMS хабарына сурет, бейне немесе аудио файл қосылса, ол автоматты түрде
MMS хабарына түрлендіріледі және тиісті ақы алынады.