Owners manual
21
11. Аппараттық құрал пернесінің басқару режимі
Егер телефон дисплейі зақымдалса не сынса, аппараттық құрал
пернелерімен келген қоңырауға жауап беруге, қоңырауды аяқтауға немесе
дабылды өшіруге болады.
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Аппараттық құрал басқару режиміне кіру үшін Қуат/Құлып пернесін және
Дыбыс деңгейі пернелерін бір уақытта 6 секундтан аса басып тұрыңыз.
3 Қажетті опцияға өту үшін Дыбыс деңгейі пернелерін басыңыз, одан кейін
растау үшін Қуат/Құлып пернесін басыңыз.
• Қоңырауға жауап беру: Дыбыс деңгейі пернелерін бір уақытта басыңыз.
• Қоңырауды аяқтау: қоңырау кезінде Қуат/Құлып пернесін басыңыз.
• Дабылды тоқтату: дабыл шыққанда, дабылды тоқтату үшін Дыбыс
деңгейін көтеру пернесін немесе Дыбыс деңгейін түсіру пернесін басып
тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: телефоныңызды сынған дисплеймен пайдалансаңыз,
телефон одан сайын сынуы мүмкін немесе жарақаттануыңыз мүмкін.
Телефоныңызды жөндету үшін LG өкілетті қызмет көрсету орталығына
баруды ұмытпаңыз.