User manual
10
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
ҚАЗАҚША
3D кескіндерді көру (тек 3D модельдер)
АБАЙЛАҢЫЗ
Көру ортасы
Көру уақыты
- 3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15 минуттық үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды ұзақ
уақыт бойы көру бастың ауыруын, бас айналуын, қалжырауды немесе көзге жүктеме түсуін
тудыруы мүмкін.
Фотосезгіштік ұстамасы немесе созылмалы ауруы бар адамдар
3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде, кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе
əдеттен тыс белгілер болуы мүмкін.
Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз жəне/немесе эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы, т.б.
сияқты созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді көрмеңіз.
3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео аномалиясына шалдыққан адамдарға
ұсынылмайды. Қос кескіндерді көру немесе көруде ыңғайсыздық пайда болуы мүмкін.
Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті
сезуде мəселеңіз болуы мүмкін жəне қос кескіндерге байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін.
Орташа үлкендермен салыстырғанда жиірек үзілістер жасау ұсынылады.
Егер көру қабілетіңіз оң жəне сол көзіңізде əр түрлі болса, 3D мазмұнды көру алдында көру
қабілетіңізді тексертіңіз.
3D мазмұнды көруді тоқтатуды немесе одан ұстануды қажет ететін белгілер
3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды сезінгенде
көрмеңіз.
Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/көруді тоқтатыңыз жəне белгі кетк
енше
жеткілікті демалыңыз.
- Бұл белгілер кетпесе, дəрігерге қаралыңыз. Белгілер бас
ауыруын, көздің алмасының
ауыруын, бас айналуды, жүрек айнуын, тез жүрек соғуын, бұлдырауды, ыңғайсыздықты, қос
кескінді, көру ыңғайсыздығын немесе қалжырауды қамтиды.