User manual

11
ҚАЗАҚША
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
y
Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді
ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан алыстау
отырыңыз.
Көру жасы
y
Сәбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап береді және тым әсерленеді, өйткені
олардың көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті немесе оған секіру әрекеті. 3D
мазмұнды көріп отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық диспараттығы үлкендерден жоғарырақ,
өйткені көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D
кескіні үшін үлкендермен салыстырғанда көбірек стереоскопиялық тереңдікті алады.
y
Жасөспірімдер
- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап
беруі мүмкін. Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды көруден ұстануға кеңес беріңіз.
y
Қариялар
- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан
жақынырақ қашықтықта отырмаңыз.
3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер
y
LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
y
3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына
пайдаланбаңыз.
y
Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы
мүмкін.
y
3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды
тудырады.
y
3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті
пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір заттармен қырмаңыз немесе оларды
химиялық заттармен сүртпеңіз.