User manual

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР6
ҚАЗАҚША
Өнімді тұрақсы сөрелер немесе көлбеу беттер сияқты орындарда орнатпаңыз.
Сондай-ақ, діріл бар немесе өнім толығымен тұрмайтын орындарды
пайдаланбаңыз.
Əйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді зақымдауы
мүмкін.
Теледидарды тірекке орнатсаңыз, өнімнің аударылуын болдырмау əрекеттерін
орындау керек. Əйтпесе, өнім аударылып, жарақаттауы мүмкін.
Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA стандартты орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату интерфейсін (қосымша бөлшектер)
пайдаланып, теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият бекітіңіз.
Тек өндіруші көрсеткен қосымша жабдықтарды қолданыңыз.
Антеннаны орнатқанда білікті қызмет көрсету маманнан кеңес алыңыз.
Бұл өрт шығу қаупін немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Теледидарды көргенде экран диагоналінің ұзындығынан 2-7 еселік қашықтықты
сақтау ұсынылады.
Теледидарды ұзақ уақыт көргеннен кейін көзіңіз бұлдырауы мүмкін.
Тек көрсетілген батарея түрін пайдаланыңыз.
Бұл қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
Жаңа батареяларды ескі батареялармен араластырмаңыз.
Бұл батареялардың шамадан тыс қызуын жəне ағып кетуін тудыруы мүмкін.
Батареялар шамадан тыс қызу əсеріне ұшырамауы тиіс, мысалы, тікелей күн сəулесі түспейтін, ашық
от пен электр жылытқыштардан алыс жерде сақтаңыз.
Зарядталмайтын батареяларды зарядтағышқа салушы БОЛМАҢЫЗ.
Қашықтан басқару құралы мен сенсордың арасында еш нəрсе тұрмауын
тексеріңіз.
Қашықтан басқару құралының сигналына күн сəулесі немесе басқа күшті жарық
кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда бөлмені күңгірттеңіз.
Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау алдында жалғау
кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін тексеріңіз.
Əйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді зақымдауы
мүмкін.
Өнімді қуат сымын қабырға розеткасына қосу немесе шығару арқылы қосып/
өшірмеңіз. (Штепсельдік ұшты қосқыш ретінде пайдаланбаңыз.)
Бұл механикалық ақаулық немесе сымнан электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.