Instruction for Use
KZ
39
Орнату
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып
шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап
қойыңыз. Оны құрылғының кез келген жаңа иесіне беріңіз.
Орналастыру
! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Тыныс тарылу немесе тұншығып қалу қаупін туғызуы мүмкін
("Сақтандырулар мен кеңестер" бөлімін қараңыз).
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар маман орнатуға
тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар
өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін.
! Бұл құрылғы ағымдағы ұлттық ережелерге сәйкес тұрақты желдетілген
бөлмелерде ғана орнатылуы және пайдаланылуы тиіс. Келесі талаптар
сақталуы тиіс:
• Бөлме кез келген түтіндерді айдап шығарып жіберетін ауаны тартып
алу жүйесімен жабдықталуы тиіс. Ол құрылғы қосылған кезде
автоматты түрде қосылатын электр желдеткіштен немесе қалқадан
тұруы мүмкін.
Мұрша құбырында немесе айыр түтіндікте.
(тек тағам дайындау құрылғылары үшін)
Тікелей
далаға
• Жану процесі қалыпты түрде өтуі үшін ауа керек болғандықтан
бөлмеде тиісті ауа айналымы болуы керек. Ауаның ағымы орнатылған
қуаттың әр кВт бірлігіне 2 м
3
/сағ мәнінен аз болмауы тиіс.
Ауа айналымы жүйесіне, ішкі диаметрі
кем дегенде 100 см
2
болатын түтік арқылы
ауаны тікелей даладан алуына болады;
тесігі кез келген бөгетпен бітеліп қалуға
бейім болмауы тиіс.
Сондай-ақ, жүйе жануға қажетті ауаны
жанама жолмен қамтамасыз ете алады,
яғни жоғарыда сипатталған ауа айналымы
түтіктерімен жабдықталған жапсарлас
бөлмелерден. Дегенмен, бұл бөлмелер
ортақ бөлме, жататын бөлме немесе өрт
қаупі бар бөлмелер болмауы тиіс.
• Құрылғыны қарқынды және ұзақ пайдалану үшін қосымша желдету
қажет болуы мүмкін, мысалы, терезені ашу немесе тиімділігі көбірек
әдіспен – механикалық ауа кіргізу жүйесінің (бар болса) қуатын
арттыру арқылы.
• Сығылған газ ауадан ауыр болғандықтан еденге түседі. Сондықтан,
сығылған газ баллондары тұратын бөлмелер газдың шығуы
жағдайында, ол бөлмеден шығып кетуі үшін вентиляциялық
тесіктермен жабдықталуы тиіс. Сол себепті, сығылған газ баллондары,
жартылай немесе толық болса да, жер деңгейінен төмен бөлмелерде
не сақтау аумақтарында (төле және т.б.) орнатылмауы немесе
сақталмауы тиіс. Тек пайдаланылуда болған баллонды, оны 50°C-тан
A
Жануға арналған
ауаның желдету
тесіктерінің мысалдары.
Терезе мен еден арасындағы
желдету саңылауын кеңейту.
Жапсарлас
бөлме
Желдетілетін
бөлме
жоғары температураға дейін ысытып жіберуі мүмкін сыртқы қайнар
көздері (пештер, каминдер және т.б.) шығаратын қызудан аулақ
орналастырып, сақтаған абзал.
Құрылғыны орнату
Плитаны орнатқан кезде төмендегі сақтық шаралар орындалуы тиіс:
• Құрылғы маңында тұрған және плитаның үстіңгі жағына қарағанда
биік ас үйі шкафтары плитаның шетінен кем дегенде 200 мм-ге алыс
орналасуы тиіс.
• Қалқалар тиісті орнату нұсқаулықтарына сәйкес және плитадан кем
дегенде 650 мм ара қашықтықта орнатылуы тиіс (суретті қараңыз).
• Қалқаның маңында тұратын қабырғаға ілінетін шкафтар плитадан
кем дегенде 420 мм биіктікте орналастырылуы тиіс (суретті қараңыз).
Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астында
орнатылатын болса, сол шкаф плитадан
кем дегенде 700 мм ара қашықтықта
орналасуы тиіс.
• Орнату қуысы өлшемдері суретте көрсетілген болуы тиіс.
ЕСКЕРТУ: Қақпақты плитаның үстіне орнатқан жағдайда қақпақ
нұсқаулығынан дұрыс қашықтықты қараңыз.
• Бетті тазалап болғаннан кейін ұсынылған тығыздатқышты плитаға
суретте көрсетілгендей жағыңыз.
Плитаны нұсқаулықта көрсетілген өлшемдерге сәйкес жасалған жұмыс
бетіндегі саңылауға орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қуатпен қамту сымы оның жоғары тартылуын мүмкін
ететіндей ұзын болуы тиіс.
Плитаны бекіту үшін, онымен берге берілген кронштейнді (A) пайдаланыңыз.
Кронштейндерді тілшелермен көрсетілген сәйкес ойықтарға орнатыңыз
және жұмыс бетінің қалңыдығына сәйкес берілген бұрандаларды
пайдаланып бекемдеңіз (келесі суреттерді қараңыз).
Top 20 mm
Top 30-50 mm
600 мм мин.
420 мм мин.
650 мм мин.