HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide
10. Орнату қойындысында Факс жіберместен бұрын алдын ала қарау терезесін көрсету
параметрі таңдалса, факс тапсырмасының алдын ала қарау терезесі пайда болады.
Нақтылық үшін факсты сараптаңыз.
ЕСКЕРІМ: Point-and-Print қосылымын пайдаланғанда алдын ала қарау функциясы қол
жетімді болмайды. Point-and-Print — орнату дискілерін пайдаланбастан қашықтағы
принтерге қосылу, басып шығару немесе факс жіберу үшін пайдалануға болатын Windows
мүмкіндігі. Файлдар мен теңшелім мәліметтері баспа серверінен клиентке автоматты
түрде жүктеледі.
11. Құжатты алдын ала қарау терезесінің өлшемін өзгерту үшін Қарау түймесін басыңыз
немесе масштабтау ашылмалы мәзірін пайдаланыңыз.
12. Құжатта шарлау үшін көрсеткі түймелерді басыңыз.
13. Факс жіберу үшін Факс жіберу түймесін немесе факс жіберу драйверін жабу үшін Факс
жіберуді болдырмау түймесін басыңыз.
KKWW
Факсты бір алушыға жіберу
35