Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

Еуропа Одағына және Ұлыбританияға арналған заңдық
ескертпелер
Еуропа Одағында және Ұлыбританияда заңдық ескертпелердің өз жинағы бар.
Сәйкестік мағлұмдамасы
ЕО мүшесі болып табылатын елдердің біреуінде (кем дегенде) және Ұлыбританияда жұмыс істей
алатын және келесі ЕО директиваларының біреуімен немесе бірнешеуімен, сондайа-ақ Ұлыбритания
нормативтік-құқықтық актілерімен сәйкес келетін өнімдер CE белгісімен және Ұлыбритания белгісімен
таңбаланады
:
RED 2014/53/EU директивасы; Төмен кернеуге арналған 2014/35/EU директивасы; Электрмагниттік
сәйкестік туралы 2014/30/EU директивасы; Экодизайн туралы 2009/125/EC директивасы; Зиянды
заттарды пайдалану шектеулері жайлы (RoHS) 2011/65/EC директивасы.
Бұл нұсқауларға сәйкестік Еуропада қолданыстағы келісілген стандарттарды пайдалану арқылы
бағаланады.
Сәйкестік туралы ЕО және Ұлыбритания мәлімдемесінің толық мәтінін мына веб-сайтынан табуға
болады: http://www.hp.eu/certicatesехникалық деректер жапсырмасында болатын үлгінің атауы
немесе нұсқаулық үлгісінің нөмірі (RMN) арқылы іздеңіз.)
Нормативтік мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: Электрондық пошта мекенжайы:
techregshelp@hp.com.
Радио байланыс мүмкіндігі (EMF) бар құрылғылар
Бұл ескертпені радио байланысын пайдалану кезінде EMF деректерін беру қажет болғанда
пайдаланыңыз.
Осы өнімнің құрамында радио таратқыш және қабылдағыш құрылғы бар. Ноутбукті қалыпты
пайдалану кезінде, егер құрылғылар арасында арақашықтық 20 см болса, радио жиілігінің ықпал ету
деңгейлері Еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Планшеттік компьютер сияқты жақын
арақашықтықта пайдалануға арналған өнім стандартты жұмыс жағдайларында қолданылған кезде,
Еуропалық қолданыстағы стандарттарға сәйкес келеді. Өнімге қатысты нұсқауларда басқаша
белгіленбесе, құрылғыларды бос қашықтықты қалдырмай пайдалануға болады.
Радио байланыс мүмкіндігі бар өнімдер үшін шектеулер (тек таңдаулы өнімдерде)
Кейбір елдерде бірнеше өнімдердің радио байланыс мүмкіндігін пайдалануына шектеу енгізіледі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Жиілік ауқымы 5,15-5,35 ГГц аралығында IEEE 802.11x сымсыз жергілікті желі
кестеде көрсетілген барлық елдерде бөлме ішінде ғана пайдаланылады. WLAN өнімін далада
пайдалану нәтижесінде қолданыстағы радио байланыс қызметтеріне кедергі келтірілуі мүмкін.
4 1-тарау Құқықтық нормаларға сәйкестік