User's Guide

Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі
кеңестерін орындаңыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды
шығарыңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден
бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және
соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты ұшу
алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат
беру әуе компаниясының құзырында.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE»
ез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда,
ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер
болуы мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты
білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша
қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы
мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті
азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы
қоспаңыз.
42 7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету