User's Guide
Кесте 2-12 Қызмет көрсету жапсырмасының бөлшектері (жалғасы)
Бөлік
(3) Сериялық нөмір
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
● Сымсыз куәландыру белгісі(лері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы
құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын
қамтамасыз етеді.
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы)
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы) арнайы ойын қажеттілігіңізге сай
компьютерді реттеуге мүмкіндік береді.
▲ HP OMEN Command Center бағдарламалық құралын ашу үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, HP
OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы) бағдарламалық құралын таңдаңыз және
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Пернетақтаның жоғарғы оң жағындағы OMEN пернесін басыңыз.
HP OMEN Command Center бағдарламалық құралының басқару тақтасы мына мүмкіндіктерді ашуға
және олардың параметрлерін реттеуге арналған орынды береді:
ЕСКЕРТПЕ: Мүмкіндіктер платформаға байланысты өзге болуы мүмкін.
● Основные части системы (Жүйенің маңызды бөлшектері): Компьютер күйі мен өнімділігін
бақылайды.
● Освещение (Жарықтандыру): Пернетақта жарықтандыруын теңшеңіз (тек таңдаулы өнімдерде).
● Усилитель сигнала сети (Желі күшейткіші): Желі басымдықтары мен параметрлерін көрсетеді
және реттейді.
● Контроль производительности (Өнімділікті басқару): Компьютердің өнімділігін орындалатын
тапсырмаға оңтайландырады.
● Клавиши макросов для игр (Ойын макрос пернелері): P пернелерін конфигурациялаңыз (тек
таңдаулы өнімдерде).
● OMEN Game Stream: Ойындарды басқа құрылғыларға ағындау мүмкіндігін береді.
● Обновление (Жаңарту): OMEN Command Center (OMEN пәрмендер орталығы) бағдарламалық
құралын жаңартады.
● Справка (Анықтама): Практикалық нұсқаулар ақпаратын және жиі сұралатын сұрақтарды ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару тақтасын жабу үшін, тақтаның үстіңгі жағындағы < түймешігін басыңыз.
HP OMEN Command Center (HP OMEN пәрмендер орталығы) 15