Operating Instruction SID 4-A22 (01)

Table Of Contents
160 Қазақ 2145526
*2145526*
Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды
қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға
әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың
тұйықталуының себебі болуы мүмкін скрепкалардан,
тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа
металл заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының
тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға әкелуі мүмкін.
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан
электролит ағып шығуы мүмкін. Оған тиюді болдырмаңыз.
Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде
дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит
тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан
алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар
жарылыс тудыруы мүмкін.
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және
аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешқашан пайдалану
бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура
ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін
арттыруы мүмкін.
Қызмет
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді
қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр
құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз етеді.
Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет
көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2 Бұрауыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Бұранда жасырын электр сымдарын зақымдауы мүмкін
жұмыстарды жүргізгенде электр құралын оқшауланған тұтқа
беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы электр сымдарына
тиген жағдайда аспаптың металл бөліктері электр тогының
өткізгіштеріне айналып, электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Printed: 14.10.2019 | Doc-Nr: PUB / 5293911 / 000 / 06