Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы HL-L2371DN / HL-B2080DW / DCP-B7500D / DCP-B7520DW / DCP-L2551DN / MFC-B7710DN / MFC-B7715DW / MFC-L2751DW Brother Industries, Ltd. 15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Жапония Өнімді пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамастан бұрын, осы нұсқаулықты оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау нәтижесінде өрт, ток соғу, күйіп қалу немесе тұншығу сияқты жеке басқа жарақат немесе мүлікке зақым қаупі артуы мүмкін.
Құжатта қолданылған таңбалар мен шартты белгілер Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған. Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТУ ЕСКЕРТУ белгісі алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. АБАЙЛАҢЫЗ АБАЙЛАҢЫЗ белгісі алдын алмаған жағдайда кіші немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. Тыйым салу белгішелері орындауға болмайтын әрекеттерді білдіреді.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз ЕСКЕРТУ Температурасы 10 және 32 °C аралығында сақталатын, ылғалдылығы 20 және 80 % аралығында болатын, конденсациясы жоқ орынды таңдаңыз. Өнімді қыздырғышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға немесе суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт қатерін тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан туындаған конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
Өнімді ондағы қандай да бір ұяны немесе саңылауды құрсаулайтын немесе бітейтін орынға қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұл ұялар мен саңылаулар желдету үшін қамтамасыз етілген. Құрылғының желдеткішін жабу қызып кету және/немесе өрт қатерін тудыруы мүмкін. Оның орнына: • Өнімнің айналасында мысал суретте көрсетілгендей аздаған саңылау қалдырыңыз. Сканерлеу функциясы жоқ өнімдер 100 мм 120 мм 100 мм Сканерлеу функциясы бар өнімдер 250 мм 100 мм 100 мм • Өнімді қатты тегіс бетке қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Өнімді дірілдемейтін және соғылмайтын тегіс, жазық, тұрақты бетке (мысалы, үстел) қойыңыз. Өнімді телефон розеткасына (тек MFC үлгілері) және стандартты жерге жалғанған электр розеткасына жақын қойыңыз. Өнімді әсіресе оның жанында балалар болып қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз арбаның, бағананың не үстелдің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің жарақаттануына және өнімнің елеулі зақымдалуына әкелуі мүмкін.
ЭЛЕКТР ҚАТЕРЛЕРІ Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау ток соғу қатерін туғызуы мүмкін. Оған қоса, өрт шығу қаупін туғызатын электр тогының қысқа тұйықталуы мүмкін. Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар.
Өнімнің қуат штепселіне ешбір металл жабдықты немесе сұйықтық түрін түсіріп алмаңыз. Бұл ток соғуға немесе өртке себеп болуы мүмкін. Егер су, басқа сұйықтық түрлері немесе металл заттар өнім ішіне түссе, өнімді электр розеткадан дереу ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз. Бұл өнімді паспорт тақтайшасында көрсетілген ауқымдағы айнымалы ток қуат көзіне жалғау керек (Паспорт тақтайшасын аппараттан табуға болады).
ӨРТ ҚАУІПТЕРІ Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау өрт қаупін туғызуы мүмкін. Өнімнің ішін немесе сыртын тазалау үшін жанғыш заттарды, спрейді немесе спирт не нашатыр спирті бар органикалық еріткішті/сұйықтықты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өрт шығуы мүмкін. Оның орнына құрғақ, талшықсыз шүберекті пайдаланыңыз. Өнімді тазалау жолы туралы нұсқаулар, Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Қағаз кептеліп қалғанда немесе қағаз қалдықтары өнімде қалып кеткенде, бұл өнімді қолдануға БОЛМАЙДЫ.
Өнім үстіне мына заттарды ҚОЙМАҢЫЗ: Бұл заттар өнімнің ішіндегі электр бөліктеріне тиетін болса, ол өрт не ток соғу қаупін туғызуы мүмкін. • Түйреуіш немесе қысқыш сияқты металл заттар • Алқа немесе сақина сияқты бағалы металдар • Стакан, гүл құмырасы немесе гүл құтысы сияқты суы не сұйықтығы бар ыдыстар ЫСТЫҚ ЖЕР Өнімді қолданғаннан кейін, өнімнің кейбір ішкі бөліктері бірден қатты қызады. Өнімнің ішкі бөліктерін ұстамастан бұрын өнім суығанша кемінде 10 минут күтіңіз.
Қуат сымының қауіпсіздігі: • Бұл өнім жерге тұйықталған штепсельмен жабдықталған. Бұл штепсель тек жерге қосылған розеткаға сәйкес келеді. Бұл — қауіпсіздік шарасы. Егер штепсельді розеткаға салу мүмкін болмаса, сәйкес емес розетканы алмастыру үшін электр маманынан сұраңыз. Жерге қосылған штепсельдің мақсатын бұзуға ӘРЕКЕТ ЖАСАМАҢЫЗ. • Қуат сымына ешнәрсе қоюға БОЛМАЙДЫ. • Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
(Тек сканерлеу функциясы бар өнімдер) Жарақаттардың алдын алу үшін, саусақтарыңызды суреттерде көрсетілген аумақтарға қойған кезде абай болыңыз. Ұзақ уақытқа қолданылмайтын кезде, қауіпсіздік үшін өнімді электр розеткасынан суырып қойыңыз. Кейбір өнімдерде және/немесе олардың картон қораптарында силикагель қалтасы болуы мүмкін. Силикагельді қалтаны жеуге БОЛМАЙДЫ, оны лақтырып тастаңыз. Оны жұтып қойсаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз. Тонер картриджін бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ.
Тонерге бір жеріңіз тиіп кеткен жағдайда мына нұсқауларды орындаңыз: • Ішке жұту Бірден дәрігерге қаралыңыз. Байқамай деміңізбен ішке енсе, дереу таза ауаға шығып, дәрігерге қаралыңыз. • Теріге тию Бүлінген киімді бірден шешіп, тонер тиген теріні жеткілікті сумен немесе сабынмен жуыңыз. • Көзге тию Дәрігерге қаралыңыз. Тонер көздеріңіздің ішіне кірсе, дереу көздеріңізді кемінде 15 минуттай сумен үзбей жуыңыз. • Жұту Бірден дәрігерге қаралыңыз. Аузыңызды сумен шайып, 200-300 мл (бір стакан) су ішіңіз.
• Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өнім бұзылуы мүмкін. • Пайдалану туралы нұсқаулар орындалғанда, өнім дұрыс жұмыс істемесе, тек пайдалану жөніндегі нұсқауларда қамтылған басқару элементтерін реттеңіз. Басқа басқару элементтерінің дұрыс реттелмеуі зақым тудыруы мүмкін және өнімді қалыпты жұмысына қалпына келтіру үшін білікті маманның араласуын талап етеді.
Құрылғыны ажырату Бұл өнім оңай қол жеткізуге болатын электр розеткасына жақын орнатылуы керек. Апат жағдайында қуатты толық өшіру үшін қуат сымын электр розеткасынан ажыратуыңыз керек. Мақұлдау ақпараты (тек MFC үлгілері) БҰЛ ЖАБДЫҚ ТИІСТІ ҚОСҚЫШПЕН БЕКІТІЛГЕН ЕКІ СЫМДЫ БАЛАМАЛЫҚ PSTN ЖЕЛІСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН.
Жиілік жолағында (жолақтарында) таратылатын ең жоғарғы радиожиіліктің қуаты: 20 dBm (изотоптық сәулеге балама қуат) көлемінен кем NFC (тек NFC функциясы бар модельдер) Осы принтер/көп функциялы құрылғы NFC, Near Field Communication (жақын өріс байланысы) функциясын қолдайды. Жиілік жолағы (жолақтары): 13,553-13,567 МГц LAN қосылымы (Тек сымды LAN функциясы бар үлгілер) АБАЙЛАҢЫЗ Бұл өнімді шамадан тыс кернеулер әсері тиетін LAN қосылымына ЖАЛҒАМАҢЫЗ.
Декларація про Відповідність (Ukrainian) Вимогам Технічного Регламенту Обмеження Використання деяких Небезпечних Речовин в електричному та електронному обладнанні (затвердженого Постановою №1057 Кабінету Міністрів України) Виріб відповідає вимогам Технічного Регламенту Обмеження Використання деяких Небезпечних Речовин в електричному та електронному обладнанні (ТР ОВНР). Вміст небезпечних речовин у випадках, не обумовлених в Додатку №2 ТР ОВНР: 1.
Apple, Macintosh және Mac — АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген Apple Inc. корпорациясының сауда белгілері. AirPrint және AirPrint логотипі — АҚШ және басқа елдерде тіркелген Apple Inc. корпорациясының сауда белгілері. App Store — Apple Inc. корпорациясының қызметтік белгісі. Wi-Fi — Wi-Fi Alliance® компаниясының тіркелген сауда белгісі. Android — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі. Google Play — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Бұл өнім құрамында ZUKEN ELMIC, Inc. корпорациясы әзірлеген «KASAGO TCP/IP» бағдарламалық құралы бар. Copyright 1989-2014 Datalight, Inc. Барлық құқықтары қорғалған. FlashFX® Copyright 1998-2014 Datalight, Inc. U.S.Patent Office 5,860,082/6,260,156 Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне Тұтынушыларға қызмет көрсету Жергілікті Brother кеңсесінің байланыс ақпаратын алу үшін www.brother.com сайтына кіріңіз.
Авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарды заң негізінде көшіруге болмайды, авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстың бөлімдеріне қатысты «әділ бөлу» қиыс жағдайына қатысты. Көп көшірмелер дұрыс емес қолдануды білдіреді. Шығармашылық жұмыстар авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарға балама ретінде қабылдануы тиіс.
Басылым айы: 12/2021 D02608001-00 KZH нұсқасы B