User manual

Тоңазытқыш "сөндірулі"
индикаторы мен тоңазытқыш
бөліктің индикаторы
жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасы
индикаторында үзік сызықшалар
көрінеді.
2.
Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
3.
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы көрсетіледі.
2.5 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1.
Тоңазытқыш температурасын
реттеу тетігін басыңыз.
Немесе:
1.
Тиісті белгіше көрінгенше Mode
түймешігін басыңыз.
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы жыпылықтайды.
2.
Құптау үшін OK түймешігін
басыңыз.
3.
"Тоңазытқыш сөндірулі"
индикаторы өшеді.
Орнатылған басқа температураны
таңдау үшін "Температураны реттеу"
тарауын қараңыз.
2.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыштың және мұздатқыштың
орнатылған температурасын
температура тетіктерін басып
реттеуге болады.
Әдепкі температураны орнатыңыз:
тоңазытқыш температурасы +5°C
мұздатқыш температурасы -18°C
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат
ішінде орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
2.7 COOLMATIC функциясы
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпес үшін COOLMATIC функциясын
іске қосуды ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
COOLMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
COOLMATIC индикаторы
көрсетіледі.
COOLMATIC функциясы шамамен 6
сағат уақыт өткенде автоматты түрде
өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1.
Mode түймешігін COOLMATIC
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2.
OK түймешігін басып құптаңыз.
3.
COOLMATIC индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
2.8 “Демалыс” функциясы
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
“Демалыс” функциясы қосылып
тұрған кезде, тоңазытқыш
камерасының іші бос болуға
тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тиісті белгіше пайда болғанша,
Mode түймешігін басыңыз.
“Демалыс” функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
“Демалыс” функциясының
индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
“Демалыс” функциясының
индикаторы жыпылықтағанша,
Mode түймешігін басыңыз.
2.
Құптау үшін, OK түймешігін
басыңыз.
ҚАЗАҚ 7