User manual

5.3 Тоңазытқыш мұзын жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су құрылғының
артындағы, мотор компрессорының
үстіндегі арнайы контейнерге су
шығатын саңылау арқылы жиналады
да, осы жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін
тоңазытқыш бөліктегі науаның
ортасындағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап
тұрған маңызды.
5.4 Тоңазытқыш қырауын
еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау
тұрмайтын" түрге жатады. Бұл
құрылғы пайдаланылып тұрғанда
құрылғының ішкі қабырғаларына да,
тағамдырдың үстіне де еш қырау
тұрмайды дегенді білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы
суық ауаның болуына байланысты.
5.5 Ұзақ уақыт бойы
пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын жағдайда мына
сақтық шараларын орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
мұзын ерітіп (егер бар болса),
құрылғыны және барлық керек-
жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын
болса, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып
кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып
отыруын сұраңыз.
6. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Ақаулықты анықтамас бұрын
ашаны розеткадан суырыңыз.
Осы нұсқаулықта
көрсетілмеген ақаулықты тек
электрші маман немесе білікті
адам ғана анықтауға тиіс.
14
www.aeg.com