User manual

БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1.
Су төгу циклын іске қосу үшін жуғыш
зат үлестіргіштің негізгі жуу циклына
арналған бөлігіне 2 литр су құйыңыз.
2.
Жуғыш затты аз мөлшерде жуғыш зат
үлестіргішінің негізгі жуу бөліміне
салыңыз. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары
температураға қойып ешбір кір салмай
жуыңыз. Бұл цикл барабан мен
машинаның ішінде бар болуы мүмкін
кірлердің барлығын кетіреді.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
1.
Су құятын шүмекті ашыңыз.
2.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРНАТУ
Салмақ сенсоры дұрыс жұмыс істеуі үшін, құрылғыны іске қосыңыз да,
бағдарламаны кірді барабанға салар АЛДЫНДА орнатыңыз.
1.
Құрылғыны іске қосу үшін
1
түймешігін басыңыз.
2.
Бағдарлама тетігін
2
қажетті
бағдарламаға бұраңыз. Бағдарлама
индикаторы жанады.
3.
4
түймешігінің индикаторы қызыл
түспен жанады.
4.
Бейнебетте әдепкі температура,
айналдыру жылдамдығы және
таңдауға болатын функциялардың бос
индикатор жолақтары көрсетіледі.
5.
Егер қажет болса,
10
және
9
түймешігін басып судың
температурасы мен айналдыру
жылдамдығын өзгертіңіз.
6.
Егер қажет болса, кейбір
функцияларды қосу немесе кешіктіріп
бастау функциясын орнату үшін басқа
түймешіктерді басыңыз. Бейнебетте
орнатылған функцияның белгішесі мен
кешіктіріп бастау уақытының мәні (I)
көрсетіледі.
КІРДІ САЛУ
1.
Құрылғы есігін ашыңыз.
2.
Бейнебетте (J) бағдарламаға арналған
ең үлкен салмақ (MAX) пен кірдің
салмағы (KG) көрсетіледі.
3.
Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
4.
Бейнебетте кірдің салмағы 0.5 кг
қадаммен жаңартылып көрсетіледі.
Салмақ жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген және кірдің түріне
байланысты өзгереді.
Егер кірді көрсетілген ең үлкен
салмақтан асырып салсаңыз, MAX
және 0.0 мәні жыпылықтай
бастайды.
Кірді жууға болады, бірақ су мен
қуатты тұтыну мөлшері көбейеді.
Бұл ресурстарды тиімді тұтыну
және кірді барынша жақсы жуу үшін
белгіше жыпылықтауын
тоқтатқанша кейбір заттарды
алыңыз.
Кірдің салмағы артық екені,
салынатын кірдің ең үлкен
салмағы, құрылғыға салынатын ең
үлкен салмақтан төмен
бағдарламаларда ғана көрсетіледі.
5.
Есікті жабыңыз. Бейнебеттегі 0.0 мәні
(% белгісінің қасында) қолданылатын
жуғыш заттың мөлшерін көрсетеді.
ҚАЗАҚ
53