User manual

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе
басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ӘЛСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін
адамдарға, балаларға оны іске қосуға
рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның
нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс. Балаларға құрылғымен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз.
Құрылғының есігін жабар алдында,
балалар мен үй жануарларының
барабанға кірмегеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Осы құралды іске қосқан кезде есікті
жаба алмайсыз. Бұл балалар немесе үй
жануарлары құрылғыға кіріп қамалып
қалмас үшін қажет. Құралды іске қосу
үшін сағат тілінің бағытымен кертігі
көлденең келгенше бұраңыз. Құралды
сөндіру үшін сағат тілінің бағытына
кертігі тік қалыпқа келгенше бұраңыз.
ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
Құрылғыны кәсіби қызмет көрсету
мақсатында қолданбаңыз. Бұл тек үйде
қолдануға арналған құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін,
жуғыш заттың орамында көрсетілген
қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Кірдегі темір заттардың барлығының
алынғанына көз жеткізіңіз. Қатты және
өткір заттар құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны
ыстық болуы мүмкін (кір алдынан
салынатын құрылғыларда ғана).
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан
суырыңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға
болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс
салынбаса су ағуы мүмкін.
ОРНАТУ
Құрылғының салмағы ауыр, жылжытқан
кезде абай болыңыз.
Құрылғыны тасымал тетіктерін салмай
тасымалдамаңыз, ішкі құралас
ҚАЗАҚ
39