User manual

ЕСКЕРТУ!
Ас үйде ашық отты
пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын
дұрыс пайдаланылмаса,
өндіруші жауапты емес.
1. Басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары газ
берілімі ( ) қалпына бұраңыз.
2. Басқару тетігін басып, 10 секунд
немесе одан аз уақыт ұстап
тұрыңыз. Сонда термоэлемент
жылиды. Бұлай істемеген
жағдайда газ беріліміне кедергі
келеді.
3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан
кейін реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен
кейін оттық жанбаса,
шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Басқару тетігін 15
секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер оттық 15
секундтан кейін жанбаса,
басқару тетігін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты
тағы бір рет жағып көріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Электр қуаты болмаған
кезде оттықты электр
құралын қолданбай жағуға
болады; мұндай жағдайда
оттыққа жалынды
жақындатып, басқару
тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап,
газды ең көп шығару
қалпына бұраңыз да,
басыңыз. Термоэлемент
қызғанша басқару тетігін
10 секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап
тұрыңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, басқару түймешесін
сөндірулі қалыпқа бұраңыз
да, кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
Әр басқару тетігінің
индикатор шамы бар.
Индикатор шамдары
басқару тетігін бұрағаннан
кейін жанады.
Бұл пеш заманауи
клапандармен
жабдықталған. Бұлар
жалынды барынша нақты
реттейді.
ЕСКЕРТУ!
Тетікті сөндіру қалпына
қоймасаңыз, екі сағаттан
кейін ескерту сигналы
естіледі және
индикаторлар қызыл
түспен жыпылықтайды.
Бұл оттықтардың қосулы
тұрғанын білдіреді.
Сигналды тоқтату үшін ,
, немесе түртіңіз.
4.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті
қалпына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
4.4 Минут операторы
Бұл функцияны минут операторы
ретінде пайдалануға болады.
ҚАЗАҚ 11