User manual

Сұйылтылған газ
Сұйылтылған газ үшін резеңке түтік
ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрқашан
тығыздағышты орнатыңыз. Содан
кейін газ желісіне қосуды
жалғастырыңыз.
Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда
қолдану үшін дайындалады:
ол бөлме температурасынан
жоғары, 30°C-тан асып қызып кете
алмаса;
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
ешбір жері жаншылмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай
қарап шығу мүмкін болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын
бақылау үшін төмендегілерді тексеру
керек:
екі ұшында және ұзына бойында
жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмауын;
материал қатқылданбаған,
керісінше, серпімділігі дұрыс
болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот
баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы
байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ,
ауыстыру керек.
Орнату аяқталғаннан кейін әр
түтік фиттингінің жақсылап
бекітілгенін тексеріңіз.
Жалынды емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
8.2 Инжекторларды ауыстыру
1.
Таба тағандарын алыңыз.
2.
Оттықтың қақпақтары мен
шілтерін алыңыз.
3.
7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да,
орнына қолданылатын газ түріне
арналған инжекторларды салыңыз
("Техникалық ақпарат"
тарауындағы кестені қараңыз).
4.
Осы әрекеттерді кері тәртіпте
орындау арқылы бөлшектерді
құрастырыңыз.
5.
Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы
өзгермелі немесе қажетті қысымнан
басқаша болса, газбен жабдықтау
түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін
орнату қажет.
8.3 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1.
Оттықты жағыңыз.
2.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3.
Басқару тетігін алыңыз.
4.
Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз.
A
A)
Орағытпа бұранда
Табиғи G20 13 мбар немесе G20 20
мбар газды сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
шегіне дейін қатайтыңыз.
Егер сұйылтылған газды G20 13
мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/2 дейін (үш шілтерлі
оттықта 1 айналым) босатыңыз.
Егер сұйылтылған газды G20 20
мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/4 мөлшеріне (үш
шілтерлі оттықта 1/2 мөлшеріне)
босатыңыз.
Егер G20 13 мбар табиғи газды, G20
20 мбар табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен
айналымның 1/4 мөлшеріне (үш
ҚАЗАҚ 13