User manual
11.10 Есікті алу және орнату
Есікті және ішкі шыны панельдерді
алып тазалауға болады. Шыны
панельдердің саны әр үлгіде әр түрлі.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін алған
кезде абай болыңыз.
Есіктің салмағы ауыр.
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2. Есіктің екі топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша
көтеріңіз.
A
A
3. Есікті шамамен 45° градусқа
келгенше жабыңыз.
45°
4. Есікті екі жағынан қолдарыңызбен
қапсыра ұстап тұрып, құрылғыдан
жоғары қарай қиғаштап көтеріп
тартып шығарыңыз.
5. Есіктің сыртқы бетін орнықты
жерге төселген жұмсақ шүберекке
қаратып қойыңыз. Бұл есіктің
бетіне сызат түсірмеу үшін қажет.
6. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
1
2
B
АБАЙЛАҢЫЗ
Шыныны, әсіресе алдыңғы
панельдің шеттерін дұрыс
ұстамасаңыз, шыны сынып
қалуы мүмкін.
7. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
8. Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін,
үстіңгі жағынан ұстап, бір-бірден
жоғары тартып шығарыңыз.
9. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін жоғарыда
айтылған қадамдарды керісінше
орындаңыз. Алдымен кішірек панельді,
содан кейін үлкенірек панельді
орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Әйнектердің бірдей
орналасқанына көз
жеткізіңіз, әйтпесе есіктің
беткі жағы қатты қызып
кетеді.
11.11 Шамды ауыстыру
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
www.aeg.com64